Орман қорының жекелеген жер учаскесін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі N 773 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерлерінен ауданы 3,74 га жер учаскесі (соның ішінде 0,9 га - орман алаптары, 2,84 га - жайылымдық жер) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының 1458 км (Пришахтинск көлік айырымын қайта жаңарту) қалпына келтіруге тұрақты жер пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады