Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:
"40-1 Жеке функциялары бар, осы топтың басқа
жерінде аталмаған немесе енгізілмеген
машиналар және механикалық құрылғылар:
өзге де машиналар мен механикалық тетіктер:
өзгелері 8479 89 980 0".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі