Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 819 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.06  N 425  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 45, 449-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Объектілер салу үшін жер телімін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімін таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
      Объект салу үшін жер телімін таңдауды жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жүзеге асырады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1313

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2004 года N 819. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2008 года N 425

       Сноска. Постановление Правительства РК от 02.08.2004 N 819 утратило силу постановлением Правительства РК от 06.05.2008  N 425  (порядок введения в действие см.  п. 3 ).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1313 "Об утверждении Правил прохождения разрешительных процедур на строительство новых и изменение существующих объектов" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 45, ст. 449) следующее изменение:
      в Правилах прохождения разрешительных процедур на строительство новых и изменение существующих объектов, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. При испрашивании земельного участка для строительства объектов предварительно осуществляется выбор земельного участка по поручению местного исполнительного органа.
      Выбор земельного участка для строительства объекта осуществляется территориальными органами по управлению земельными ресурсами (в населенных пунктах совместно с органами архитектуры и градостроительства) в соответствии с землеустроительными и градостроительными регламентами".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан