1. 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Mинистрінің
мiндетiн атқарушы
ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль
жүк тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылы туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi,
халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы келiсiлген iс-қимылдар, халықаралық автомобиль тасымалдаушылары үшiн әдiл бәсекелестік пен бiрдей жағдайлар қамтамасыз ету, халықаралық автомобиль қатынасындағы кедергiлердi жою қажеттiгiн ескере отырып,
жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарының тиiмділігiн арттыруға жәрдемдесуге тiлек білдiре отырып,
1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмдi және 1999 жылғы 2 сәуiрдегi оған Хаттаманы,
2000 жылғы 20 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерiнiң басшылары кеңесiнiң Шешiмiмен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 2005 жылға дейiнгi дамуы бойынша iс-қимылдар бағдарламасын,
1997 жылғы 9 қазандағы Ортақ көлiктiк кеңiстiк құру қағидаттары мен ТМД қатысушы мемлекеттердiң көлiк саясаты саласындағы өзара iс-қимыл шарттары туралы келiсiмдi,
1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзит тәртiбi туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келiсті:
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдердiң мынадай мәндерi бар:
халықаралық жүк қатынасы - Тараптар арасында жүктердi тасымалдау;
халықаралық автомобиль тасымалдары - Тараптардың бiрiнiң болмасын шекарасын кесiп өту арқылы автокөлiк құралдарымен жүктердi тасымалдау, оның iшiнде олардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдау;
автокөлiк құралы - тiркемемен (жартылай тiркемемен) немесе онсыз жүк тасымалдауға арналған, Тараптардың тiркеу және айырымдық белгілерi бар механикалық жетектi автомобиль көлiк құралы;
тасымалдаушы - жүктердi автомобильмен тасымалдауды коммерциялық негiзде немесе өз есебiнен осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Тараптың кез келген заңды немесе жеке тұлғасы;
алымдар - Тараптардың жалпы пайдаланымдағы жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн, сондай-ақ көлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға байланысты алымдар;
рұқсат - нақты көлiк құралының Тараптардың аумақтары бойынша жүрiп өтуiне құқық беретiн құжат (екi жақты, транзиттiк қатынастарда, осы Келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын үшiншi елдерге/ден);
арнайы рұқсат - iрi көлемдi, ауыр салмақты немесе қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралының жүрiп өтуiне арналған бiр жолғы рұқсат;
қауiптi жүк - өздерiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi, материалдық құндылықтарды зақымдауы немесе жоюы мүмкiн, Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы (ҚЖХЖТ) туралы Еуропалық келiсiмге сәйкес тасымалдауға рұқсат етiлмейтiн немесе оған ҚЖХЖТ ұйғарылған шарттарды сақтау арқылы ғана жол берілетiн заттар, олардан жасалған бұйымдар, өндiрiстiк немесе өзге де қызметтiң қалдықтары.
1. Осы Келiсiм жүктердi тасымалдау кемiнде екi Тараптың аумағы бойынша жүзеге асырылған және жөнелту (бару) пунктi Тараптардың бiрiнiң аумағында болған кезде Тараптардың автокөлiк құралдарымен, олардың тiркелген мемлекетiне қатыссыз халықаралық жүк қатынасында тасымалдарды жүзеге асыру мәселелерiн реттейдi.
2. Тараптардың бiрiнде тiркелген, оның iшiнде осы Тараптың аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен кез келген екiншi Тарап аумағында жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға, егер бұл екi жақты шарттарда көзделмесе, тыйым салынады.
Тараптар:
ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автокөлiктiк қызметтер көрсету рыногын реттеу және қорғау тетiгiн қалыптастыру;
халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының қосалқы бөлшектерiне, отын мен материалдарға арналған әкелу баждарының, сондай-ақ лизингiсiнiң ставкаларын белгiлеу тұрғысында келiсiлген саясат жүргiзу;
автокөлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ 1982 жылғы 21 қазандағы Шекараларда жүктерге бақылау жүргiзу шарттарын келiсу туралы халықаралық конвенцияға сәйкес Тараптар арасындағы шекарада тауарлар мен көлiк құралдарына бiрлескен бақылау жүргiзу кезiндегi кедендiк органдар мен ТМД қатысушы мемлекеттердiң автокөлiктiк әкiмшiлiктерiнiң өзара iс-қимылының үлгi технологияларын әзiрлеу бойынша шаралар қабылдауға ұмтылады.
1. Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды, ақылы жолдар, көпiрлер, тоннельдер және басқа да жасанды құрылыстар бойынша жүрiп өту үшiн алымды қоспағанда, жолдар мен өзге де қатынас жолдарын пайдалануға немесе күтiп ұстауға, көлiк құралдарын иеленуге немесе пайдалануға байланысты мемлекеттік және жергiлiктi алымдардан өзара негiзде босатады.
2. Тараптар халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыруға терiс әсер ететiн әр тектi кедергiлердi табу, жедел қарау және жою бойынша шаралар қабылдайды.
Тараптар ортақ көлiктiк кеңiстiк құру кезiнде көлiктiк қызметтер көрсету рыногын дамыту, тасымалдаушылардың бәсекелестiк қабылетiн көтеру бойынша iс-шаралар жүргiзедi.
Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары үшiн тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар жалпыға танымал халықаралық стандарттарға сәйкес халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерге қосылу негiзiнде, халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызметiн реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру бойынша шаралар қабылдайды.
1. Тасымалдаушыға халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру тiркелген мемлекеттiң ұлттық заңнамасымен реттеледi және де осы Тараптың аумағында тiркелген тасымалдаушыдан басқасынан Тараптардың ешқайсысы көрсетiлген рұқсатты растауды талап етуге құқылы емес.
2. Әрбiр Тарап өз аумағында екiншi Тараптың автокөлiк құралдарының тiркеу құжаттары мен белгілерiн мойындайды.
3. Жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айырымдық белгiлерi бар автокөлiк құралдарын ғана пайдалануы тиiс. Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай тiркемелерде екiншi мемлекеттiң тiркеу не айырымдық белгiлерi болуы мүмкiн.
4. Халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн рұқсаттар мен басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуы және олар Тараптардың бақылаушы органдарының талап етуi бойынша көрсетуi тиiс.
Осы Келiсiмде көзделген жүктердiң тасымалдары тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық автомобиль қатынасы бойынша жаңа келiсiмдердi жасасу кезiнде Тараптар ТМД қатысушы мемлекеттердің шеңберiнде рұқсат жүйесiн болдырмауды ескере отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандыруға ұмтылады.
1. Автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде көлiк құралына сәйкес келетiн санаты бар халықаралық жүргiзушi куәлiгi мен автокөлiк құралына арналған ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
2. Халықаралық жүргiзушi куәлiгi 1968 жылғы 8 қарашадағы халықаралық Жол қозғалысы туралы конвенцияда белгiленген үлгіге сәйкес болуы тиiс.
Осы Келiсiмнiң негiзiнде тасымалдарды орындау кезiнде бiр Тараптың тасымалдаушысы екiншi Тараптың аумағында болған кезде, оның автомобиль көлiгіне қатысты қолданылып жүрген ұлттық заңнамасын сақтауға және оны бұзғаны үшiн осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жауапты болуға мiндеттi.
1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуын бақылау Тараптардың құзыреттi органдарына жүктеледi.
2. Көлiктiк бақылау автокөлiк құралдарын, сондай-ақ Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы халықаралық шарттарда көзделген рұқсаттар мен басқа да құжаттарды тексерудi қамтиды да, шекаралық бақылау, жүк пен автокөлiк құралын кедендiк ресiмдеу мәселелерiн қозғай алмайды.
3. Өз құзыретті органдарының ресми атаулары өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы кiдiртпей хабардар етедi.
1. Жануарларды, және тез бүлiнетiн жүктердi, сондай-ақ дүлей апаттың, авариялар мен алапаттардың салдарларын жою үшiн қажеттi жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк, ветеринарлық-фитосанитарлық және бақылаудың өзге де түрлерi жеңiлдетілген және тепе-теңдiк тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау тұрғысында Тараптар қатысушылары болып табылатын қолданылып жүрген халықаралық шарттардың ережелерi, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердi шешу кезiнде Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамалары қолданылады.
1. Жүксiз немесе жүкпен салмақтық параметрлерi мен көлемдерi аумағы бойынша қозғалыс маршруты өтетiн кез келген екiншi Тарап белгiлеген барынша рұқсат етiлген нормалардан асатын автокөлiк құралдарымен тасымалдау қолданылып жүрген 1999 жылғы 4 маусымдағы ТМД қатысушы мемлекеттердiң автомобиль жолдары бойынша мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралдарының массалары мен көлемдерi туралы келiсiмге және осы екiншi Тараптың аумағында қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде Тараптар 1957 жылғы 30 қыркүйектегі Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келiсiмнiң, сондай-ақ көрсетілген Келiсiмнiң негiзiнде осы тасымалдарды реттейтiн ұлттық заңнамалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуi тиiс.
Осы Келiсiм, олар қатысушылары болып табылатын және оларға сәйкес, оның iшiнде тасымалдардың рұқсатсыз жүйесi енгiзiлген халықаралық автомобиль қатынасы бойынша басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында өтеусiз негiзде өздерiнiң қолданылып жүрген заңнамалары мен олардағы өзгерiстер туралы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдау үшiн мәнi бар жағдайлар туралы қажетті ақпаратты ұсынады.
Осы Келiсiм, оған қол қойған Тараптардың барлық қажетті мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламасы депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қажеттi рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн ол тиiстi құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң 17-бабының ережелерiне сәйкес күшiне енедi.
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi. Егер келiссөздер кезiнде уағдаластыққа қол жетпесе, онда Тараптар өзара уағдаластық бойынша халықаралық сот органдарына жүгiнедi.
Осы Келiсiм, оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм өткен соң осы Келiсiм, егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, өздiгiнен әр кез 5-жылдық кезеңге ұзарады.
Осы Келiсiм, оған басқа да Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, сондай-ақ оның мақсаттары мен қағидаттарын, осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру арқылы бөлiсетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер қосылу үшiн ашық.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттердiң қосылуы, егер депозитарий тиiстi хабарламаны жiбергеннен кейiн үш ай iшiнде Тараптардың ешқайсысы бұған қарсы болмаса, күшiне ендi деп есептеледi.
Әрбiр Тарап шыққанға дейiн 6 айдан кешiктiрмей депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жолдап, осы Келiсiмнен шығуы мүмкiн.
Ялта қаласында 2003 жылғы 18 қыркүйекте бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Грузия Үкiметi үшiн Түркiменстан Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметi үшiн
Үкiметi үшiн
ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара ic-қимылы туралы келiсiмге Әзербайжан Республикасының
Айрықша пікірі
1. Кiрiспенiң алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтарын Әзербайжан Республикасы осы құжаттарға бұрын енгiзiлген ерекше пiкiрлердi ескере отырып қабылдайтын болады.
2. 3-баптың үшiншi абзацын (әкелу баждарының ставкалары туралы), 4-баптың 1-тармағын, 9-бапты қоспағанда.
3. Әзербайжан Республикасы транзит бойынша тыйым салуларды қолдану мүмкiндiгін, егер бұл мемлекеттiк мүдделер мен қауiпсiздiк мәселелерiн қозғамаса, жоққа шығармайды.
4. Осы Келiсiмде жазылған құқықтардың, мiндеттердiң және ережелердiң ешқайсысын Әзербайжан Республикасы Армения Республикасы тұрғысында қабылдамайды.
5. Әзербайжан Республикасы осы Айрықша Пiкiрдiң 4-тармағын кез келген уақытта өзгерту немесе алып тастау құқығын өзiне қалдырады, бұл туралы басқа Тараптар жазбаша түрде хабардар етiлетiн болады.
Әзербайжан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль
жүк тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісім туралы мәселе
Грузияның айрықша пікірі
Грузия Келісімді іске асыруға ұлттық заңнамаға сәйкес қатысатын болады.
Ираклай Менагаришвили
ТМД Yкiметтерi басшыларының кеңесі отырысының күн
тәртiбiнің 2-тармағы бойынша Қырғыз Республикасының
Ескертпесі
2003 жылғы 18 қыркүйек Ялта қаласы
ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылы туралы келiсiм туралы
Қырғыз Республикасы үшiн ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң 9-бабы мынадай редакцияда қолданылады:
"Тараптар ТМД қатысушы мемлекеттердiң шеңберiнде рұқсат жүйесiн болдырмауды ескере отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандыруға ұмтылады".
Премьер-Министр
ТМД Yкiметтерi басшыларының кеңесі отырысының күн
тәртібінің 2-тармағы бойынша Молдова Республикасының
Ескертпесі
2003 жылғы 18 қыркүйек Ялта қаласы
ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісім туралы
Молдова Республикасы үшiн ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiмнiң 9-бабы мынадай редакцияда қолданылады:
"Тараптар ТМД қатысушы мемлекеттердiң шеңберiнде рұқсат жүйесiн болдырмауды ескере отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандыруға ұмтылады".
Премьер-Министр
Қоса берiлiп отырған мәтiн 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Үкiметтерi басшыларының кеңесiнде қабылданған ТМД қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келісiмнiң түпнұсқалық көшiрмесi болып табылатынын осымен куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады.
ТМД Атқару комитетi Төрағасының -
Атқарушы хатшының бiрiншi орынбасары