Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкiлетті өкілiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкілінiң қызметiн қаржыландыруды қоса берiп отырған қаржыландыру жоспарына сәйкес тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте "Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырсын.
3. "ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлi В.Б. Темiрбаевтың қызметiн қаржыландырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1195 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 12 тамыздағы
N 844 қаулысымен
бекiтiлген
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қаржыландыру жоспары
____________________________________________________________________
Шығыстардың атауы | Шығыстардың сомасы
| (АҚШ долларымен)
________________________________|___________________________________
Ақшалай үлес 1580,0
Көлiктiк қызмет көрсету 270,0
Байланыс қызметiн көрсету және
кеңсе заттары 150,0
Шығыстардың бiр айдағы жиыны: 2000,0
____________________________________________________________________
Бір жылға арналған ағымдағы шығыстардың барлығы:
2000,0 x 12 = 24000,0 АҚШ доллары