Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнiң қызметiн қаржыландыру мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 844 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 257 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкiлетті өкілiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру жоспары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкілінiң қызметiн қаржыландыруды қоса берiп отырған қаржыландыру жоспарына сәйкес тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте "Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырсын.

      3. "ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлi В.Б. Темiрбаевтың қызметiн қаржыландырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1195 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 12 тамыздағы 
N 844 қаулысымен   
бекiтiлген      

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қаржыландыру жоспары

____________________________________________________________________
       Шығыстардың атауы        |       Шығыстардың сомасы
                                |        (АҚШ долларымен)
________________________________|___________________________________
    Ақшалай үлес                              1580,0
Көлiктiк қызмет көрсету                        270,0
Байланыс қызметiн көрсету және
кеңсе заттары                                  150,0
Шығыстардың бiр айдағы жиыны:                 2000,0
____________________________________________________________________

      Бір жылға арналған ағымдағы шығыстардың барлығы:
      2000,0 x 12 = 24000,0 АҚШ доллары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады