Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Сарқант шаруашылық есептегi жөндеу 72-учаскесi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған "Жетiсумелиосервис" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге енгiзсiн;
2) әділет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы