"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазмұнайгаз" барлау өндiру акционерлiк қоғамының теңгерiмiндегi Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 1-шағын аудан, Спортивная көшесi, 61 мекен-жайы бойынша орналасқан "Нефтяник" санаторий-профилакторийiн республикалық меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы Маңғыстау облысы әкiмiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Маңғыстау облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Нефтяник" санаторий-профилакторийiн Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі