1. "Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 735
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiнде:
1-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келiсiм бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.".