Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 735 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 961 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. "Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 735  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiнде:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келiсiм бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады