Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісiнің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Сот сараптамасы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер енгiзу туралы
"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1. 1-баптың алтыншы абзацындағы "мемлекеттiк органдар" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. 4-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекеттiк органдарының" деген сөздер "мемлекеттік мекемелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. 10-баптың 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң комиссиясы аттестациядан өтуi" деген сөздер алынып тасталсын.
4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сараптаманың белгiлi бір түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысының бiлiктілiк куәлiгiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi органының бiлiктiлiк комиссиясы бередi.
Білiктiлiк комиссиясының қызмет тәртiбi мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.".
5. 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Сот сарапшысын аттестаттау.
Кәсiби даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында сот сарапшылары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының бiлiктiлiк комиссиясында әрбiр бес жыл сайын аттестаттауға жатады.".
Қазақстан Республикасының
Президенті