Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Иран Ислам Республикасына iзгілiк көмек көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1353 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтағы "қосымшаға" деген сөздiң алдынан "1" деген санмен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi iзгілік көмек көрсету үшiн 2-қосымшаға сәйкес дәрi-дәрмектер мен таңу құралдарын шығарсын.
1-2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi iзгілік көмек көрсету үшін 3-қосымшаға сәйкес шатырлар бөлсiн.";
көрсетiлген қаулыға қосымшада "қосымша" деген сөздiң алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 4 қазандағы
N 1021 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1353 қаулысына
2-қосымша
Iзгілік көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарының тізбесі
1. Глюкозалар 40 % е-дi 5 мл N 10 - 5802 орама.
2. Глюкозалар 40 % е-дi 10 мл N 10 - 36 орама.
3. Кофеин - натрий бензоаты 10 % e-дi 1 мл N 10 - 1080 орама.
4. Кофеин - натрий бензоаты 20 % е-дi 1 мл N 10 - 540 орама.
5. Лидокаин 2 % e-дi 2 мл-ден N 10 - 500 орама.
6. Новакаин 0,5 % e-дi 5 мл-ден N 10 - 10885 орама.
7. Супрастин 20 мг 1 мл-лiк N 5 - 563 орама.
8. Стрептоцид (ұнтақ) - 12 килограмм.
9. Эуфиллин 2,4 % e-дi 10 мл-ден - 300 орама.
10. Ампициллин натрий тұзы 500 мың бiрлiк - 650 флакон.
11. Бензилпенициллин натрий тұзы 1 млн. бiрлiк - 12000 флакон.
12. Бензатин пенициллинi 2,4 млн. бiрлiк - 27021 флакон.
13. Левомицетин 0,25 N 10 - 3000 орама.
14. Эритромицин 250 мың бiрлiк N 10 - 2000 конверт.
15. Полиглюкин 200 мл, 400 мл - 639,6 лит.
16. Дәкелiк бинт стерилденбеген 7м x 14 см - 11295 дана.
17. Дәкелiк бинт стерилденбеген 10 см x 14 см - 1963 дана.
18. Медициналық гигроскопиялық ағартылған дәке - 12000 метр.
19. Медициналық хирургиялық мақта, көзге арналған - 800 килограмм.
20. Хирургиялық стерилденген жiбек жiптің ұзындығы 1,25 N 7 - 2000 ампула.
21. Хирургиялық стерилденген жiбек жіптiң ұзындығы 1,25 N 6 - 3000 ампула.
22. Хирургиялық стерилденген жiбек жіптiң ұзындығы 1,25 N 4 - 3200 ампула.
23. Өңделген стерилденген кетгут жiптiң ұзындығы 1,5 м N 4 - 800 ампула.
24. Өңделген стерилденген кетгут жiптiң ұзындығы 1,5 м N 4 - 2800 ампула.
25. Өңделген стерилденген кетгут жiптің ұзындығы 1,5 м N 4 - 1400 ампула.
26. Қан құюға арналған системалар ПК-21-02 - 8470 дана.
27. Бiр жолғы шприцтер 20 мл. - 2500 дана.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 4 қазандағы
N 1021 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1353 қаулысына
3-қосымша
Материалдық құндылықтардың (шатырлар) тiзбесi
1. Шатырлар БСБ - 56 (бiрегей санитарлық-барактық - 1956 жылғы үлгiдегi) - 10 дана.
2. Шатырлар БСБ - 56 (бiрегей санитарлық-барактық - 1956 жылғы үлгiдегi) - 10 дана.