Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы N 389-І Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "(мемлекеттік бiлiм беру мекемелерінде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде)" деген сөздер алынып тасталсын.