Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 1055 Қаулысымен

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.10 N 1055 Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N 698 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi бiр ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бекiтiлген жылдық ставкалар негiзiнде Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемдi есептеу әдiстемесiн әзірлесiн және бекiтсiн.

      2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N 698 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 16 қазандағы
N 1066 қаулысымен   
бекітілген      

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкалары

      Ескерту. Ставкаларға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N 698 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.08.10. N 685 қаулыларымен.

______________________________________________________________
   Телефон байланысының     |  Бір абонент үшін айлық есептік
          түрі              | көрсеткішпен төлемнің жылдық
                            | ставкалары
____________________________|_________________________________
қалааралық және халықаралық          1,101

қалааралық                           0,550

халықаралық                          0,550
______________________________________________________________

Об утверждении годовых ставок платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2004 года N 1066. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2009 года N 1055

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.07.2009 N 1055 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Законом Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" Правительство Республики Казахстан постановляет: <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения постановлением Правительства РК от 21 июля 2006 года N 698 (вводится в действие с 1 января 2006 года).

      1. Утвердить прилагаемые годовые ставки платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи.

      2. Агентству Республики Казахстан по информатизации и связи в месячный срок по согласованию с Министерством экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан и Министерством финансов Республики Казахстан разработать и утвердить Методику исчисления платы за  предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи на основании утвержденных годовых ставок.
      2-1. Годовые ставки платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи пересматриваются ежегодно. <*>
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 2-1 - постановлением Правительства РК от 21 июля 2006 года N 698 (вводится в действие с 1 января 2006 года).

      3. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2005 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                            Утверждены
                                  постановлением Правительства
                                      Республики Казахстан
                               от 16 октября 2004 года N 1066 <*>

      Сноска. Ставки с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 21 июля 2006 года N 698 (вводится в действие с 1 января 2006 года); от 10 августа 2007 г. N  685 (вводится в действие с 1 января 2007 г.).

                  Годовые ставки платы за предоставление
          междугородной и (или) международной телефонной связи


  ________________________________________________________________________
Вид телефонной связи               !Годовые ставки платы в месячных   !
                                    !расчетных показателях за одного   !
                                    !абонента                          !
-----------------------------------------------------------------------!
междугородная и международная                      1, 101
-----------------------------------------------------------------------
междугородная                                      0, 550
-----------------------------------------------------------------------
международная                                      0, 550
_______________________________________________________________________