Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 698 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 1055 Қаулысымен

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.10 N 1055 Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне  (Салық кодексi) және "Байланыс туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 504-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "2001 жылғы 12 шiлдедегi" деген сөздер "2001 жылғы 12 маусымдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкаларында:
      "Бiр абонент үшiн айлық есептiк көрсеткiшпен төлемнiң жылдық ставкалары" деген бағандағы "1,724", "0,862" және "0,862" деген сандар "1,137", "0,568" және "0,568" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады