Мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 1075 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1124 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы  N 1124  (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының  6-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы N 1351  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 469-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 19 қазандағы
N 1075 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi
тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң
мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
      Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн (бұдан әрi - ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер) тiркеу тәртiбiн және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiркелiм) жүргiзу тәртiбiн анықтайды.
      2. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Мемлекеттiк тiркелiмде тiркеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
      ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жүйелендiру;
      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттiк тiркелiмдегi ақпараттар туралы хабардар ету;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ақпараттық қамтамасыз ету;
      ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, сондай-ақ, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасындағы деректер алмасуды ұйымдастыру үшiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi әзiрлеушiлерге ақпараттарды ұсыну.
      3. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтер мiндеттi түрде Мемлекеттік тіркелімде тіркеуге жатады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жетiмдiлiгі шектеулi ақпаратты құрайтын ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтау және пайдалану шарттарын сақтай отырып тiркелуi тиiс.
      5. Мемлекеттiк тiркелiмнiң жүргiзiлуiн техникалық қамтамасыз етудi ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор (бұдан әрi - Ұлттық оператор) жүзеге асырады.
      6. Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуi үшiн, олардың ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
      7. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және тiркеу туралы куәлiктер беру мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  2. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
жүйелердi тiркеу

      8. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
      9. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi (бұдан әрi - өтiнiм берушi) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жiберетiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы өтiнiмнiң (бұдан әрi - тiркеу өтiнiмi) негiзiнде жүзеге асырылады.
      10. Тiркеуден өту кезiнде өтiнiм берушi уәкiлеттi органға тiркеу өтiнiмiнiң түпнұсқасын және тиiстi көшiрмелерiн қағаз және электронды тасымалдаушылармен ұсынады. Тiркеу өтiнiмiне өтiнiм берушi қол қояды және куәландырады.
      11. Уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған күнiнен бастап он бес күн мерзiмде олардың толықтығын және дұрыс толтырылуын тексередi.
      12. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда уәкiлетті орган өтiнiм берушiнiң ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркейдi және тiркеу нөмiрiн бередi.
      13. Уәкiлеттi орган Мемлекеттiк тiркелiмге мәлiметтердi енгiзу үшiн тiркелген сәттен бастап үш күн мерзiмде тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн Ұлттық операторға жiбередi. Ұлттық оператор бес күн мерзiмде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы тиiстi мәлiметтердi Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзедi.
      14. Уәкілеттi орган ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Мемлекеттiк тiркелiмде тiркеген сәттен бастап он бес күн мерзiмде өтiнiм берушiге тiркеу туралы куәлiк бередi.
      15. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресімделмеген жағдайда, уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап бес күн мерзiмде осы тiркеу өтiнiмдерiн қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге қайтарады.
      16. Өтінiм берушi қайтарылған тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап ескертулердi түзейдi және уәкiлеттi органға тiркеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен оларды енгiзуге құқығы бар.
      17. Өтiнiм берушінің тiркеу өтiнiмдерiн қайта қарау осы Ереженiң 11, 12, 13, 14-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      18. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу кезiнде уәкiлеттi орган өтiнiм берушiден тiркеу деректерiнiң құрамын немесе мазмұнын анықтауға қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
      19. Тіркеуге қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сұрау салуды алған кезде, өтiнiм беруші тиiстi сұрау салуды алған сәттен бастап он күн мерзiмде толымды жауап ұсынады.

  3. Мемлекеттiк тiркелiмдi жүргiзу

      20. Мемлекеттiк тiркелiмдi жүргiзудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      21. Мемлекеттiк тiркелiмдi жүргiзуге Мемлекеттiк тiркелiмге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi, Мемлекеттiк тiркелiмдегi осы мәлiметтердi кейiннен жаңарта отырып енгiзу кiредi.
      22. Тiркелген ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi жыл сайын 30 наурыздан кешiктiрмей уәкiлеттi органға ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің толық жаңартылған сипаттамасын (тiркеу өтiнiмiнiң бекiтілген нысандары бойынша), не ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалануды тоқтатқан жағдайда, пайдалануды тоқтату себебiн дәлелдi түрде жаза отырып ресми хабар бередi.
      23. Мемлекеттiк тiркелiмге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәлiметтердi енгiзу ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      24. Белгiленген мерзiмде жаңартылған өтiнiм немесе ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарлама ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оның иесiне мәлiметтердi жаңарту қажеттiгі туралы тиiстi ресми сұрау салуды жiбередi.
      25. Уәкiлеттi орган ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалану тоқтатылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн бес күн мерзiмде осы ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi тiркеу туралы куәлiктi керi қайтарып алуды жүзеге асырады және он күн мерзiмде Ұлттық оператор Мемлекеттiк тiркелiмге тиiстi өзгерiстердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
      26. Интернет желiсiнiң "Қазақстан Республикасы Ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң мемлекеттiк тiркелiмi" Web-сайтында орналасқан, қол жетiмдiлiгi шектелген ақпарат жоқ бөлiгiнде, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мемлекеттiк тiркелiмнiң мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады.

Об утверждении Правил регистрации государственных информационных ресурсов и информационных систем и ведения Государственного регистра информационных ресурсов и информационных систем

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 октября 2004 года N 1075. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2007 года N 1124

       Сноска. Постановление Правительства РК от 19 октября 2004 г. N 1075 утратило силу постановлением Правительства РК от 21 ноября 2007 г. N  1124 .

      

      В соответствии со  статьей 6  Закона Республики Казахстан от 8 мая 2003 года "Об информатизации" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации государственных информационных ресурсов и информационных систем и ведения Государственного регистра информационных ресурсов и информационных систем.

      2. Признать утратившим силу  постановление  Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2001 года N 1351 "Об утверждении Правил ведения государственного регистра информационно-телекоммуникационных ресурсов" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 36-37, ст. 469).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию. 
      
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                     Утверждены 
                                          постановлением Правительства
                                               Республики Казахстан
                                        от 19 октября 2004 года N 1075

  Правила регистрации государственных 
информационных ресурсов и информационных систем 
и ведения Государственного регистра
информационных ресурсов и информационных систем

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регистрации государственных информационных ресурсов и информационных систем и ведения Государственного регистра информационных ресурсов и информационных систем (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 8 мая 2003 года "Об информатизации" (далее - Закон).
      Правила определяют порядок регистрации государственных информационных ресурсов и информационных систем (далее - информационные ресурсы и информационные системы) государственных органов Республики Казахстан и порядок ведения Государственного регистра информационных ресурсов и информационных систем (далее - Государственный регистр).
      2. Регистрация информационных ресурсов и информационных систем в Государственном регистре осуществляются в целях:
      систематизации информации об информационных ресурсах и информационных системах;
      информирования физических и юридических лиц Республики Казахстан о содержащейся в Государственном регистре информации;
      информационного обеспечения государственных органов Республики Казахстан;
      представления информации разработчикам информационных ресурсов и информационных систем для организации интеграции информационных ресурсов и информационных систем, а также обмена данными между информационными ресурсами и информационными системами.
      3. Сведения об информационных ресурсах и информационных системах подлежат обязательной регистрации в Государственном регистре.
      4. Информационные ресурсы, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, содержащие информацию с ограниченным доступом, подлежат регистрации с соблюдением условий хранения и использования в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      5. Техническое обеспечение ведения Государственного регистра осуществляется Национальным оператором в сфере информатизации (далее - Национальный оператор).
      6. Национальный оператор обеспечивает организацию технических условий для доступа физических и юридических лиц к общедоступным государственным информационным ресурсам с целью удовлетворения их информационных потребностей.
      7. Регистрация и выдача свидетельств о регистрации информационных ресурсов и информационных систем осуществляются за счет средств государственного бюджета.

  2. Регистрация информационных ресурсов 
и информационных систем

      8. Регистрация информационных ресурсов и информационных систем осуществляются уполномоченным органом в сфере информатизации (далее - уполномоченный орган).
      9. Регистрация информационных ресурсов и информационных систем проводится на основании направляемой владельцем государственных информационных ресурсов и информационных систем (далее - заявитель) в уполномоченный орган заявки о регистрации информационных ресурсов и информационных систем (далее - регистрационная заявка) по формам, утвержденным уполномоченным органом в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      10. При прохождении регистрации заявитель направляет в уполномоченный орган оригинал регистрационной заявки и соответствующие копии на бумажном и электронном носителях. Регистрационная заявка подписывается и заверяется заявителем.
      11. Уполномоченный орган в пятнадцатидневный срок с момента получения регистрационных заявок проверяет их на полноту и правильность заполнения.
      12. В случае надлежащего оформления регистрационных заявок, уполномоченный орган проводит регистрацию информационных ресурсов и информационных систем заявителя, и присваивает регистрационный номер.
      13. Уполномоченный орган в трехдневный срок с момента регистрации направляет копии регистрационных заявок Национальному оператору для внесения сведений в Государственный регистр. Национальный оператор в пятидневный срок вносит соответствующие сведения об информационных ресурсах и информационных системах в Государственный регистр.
      14. Уполномоченный орган в пятнадцатидневный срок с момента регистрации информационных ресурсов и информационных систем в Государственном регистре выдает заявителю свидетельство о регистрации.
      15. В случае ненадлежащего оформления регистрационных заявок уполномоченный орган в пятидневный срок с момента получения регистрационных заявок возвращает данные регистрационные заявки заявителю с указанием причин возврата.
      16. Заявитель с момента получения возвращенных регистрационных заявок устраняет замечания и имеет право внести их в установленном законодательством порядке для регистрации в уполномоченный орган.
      17. Повторное рассмотрение регистрационных заявок заявителя осуществляется в порядке, установленном пунктами 11, 12, 13, 14 настоящих Правил.
      18. Уполномоченный орган может запрашивать от заявителя дополнительную информацию об информационных ресурсах и информационных системах, необходимую для уточнения состава или содержания регистрационных данных при регистрации информационных ресурсов и информационных систем.
      19. При получении запроса о представлении дополнительной информации об информационных ресурсах и информационных системах, необходимой для регистрации, заявитель представляет исчерпывающий ответ в десятидневный срок с момента получения соответствующего запроса.

  3. Ведение Государственного регистра

      20. Ведение Государственного регистра осуществляется уполномоченным органом в сфере информатизации.
      21. Ведение Государственного регистра включает в себя внесение сведений об информационных ресурсах и информационных системах в Государственный регистр с последующим обновлением данных сведений в Государственном регистре.
      22. Владелец зарегистрированных информационных ресурсов и информационных систем ежегодно, не позднее 30 марта, представляет в уполномоченный орган полное обновленное описание информационных ресурсов и информационных систем (по утвержденным формам регистрационной заявки) либо, в случае прекращения эксплуатации информационного ресурса или информационной системы, официальное сообщение с мотивированным изложением причин прекращения эксплуатации.
      23. Внесение обновленных сведений об информационных ресурсах и информационных системах в Государственный регистр осуществляется в порядке и сроки, установленные для регистрации информационных ресурсов и информационных систем.
      24. В случае непредставления в установленный срок обновленной заявки или сообщения о прекращении эксплуатации информационного ресурса или информационной системы, уполномоченный орган направляет его владельцу соответствующий официальный запрос о необходимости обновления сведений.
      25. При получении сообщения о прекращении эксплуатации информационного ресурса или информационной системы уполномоченный орган в пятидневный срок осуществляет отзыв свидетельства о регистрации данного информационного ресурса или информационной системы и Национальным оператором в десятидневный срок обеспечивается внесение соответствующих изменений в Государственный регистр.
      26. Сведения Государственного регистра об информационных ресурсах и информационных системах, в части не содержащей информацию с ограниченным доступом, являются общедоступными на размещенном в сети Интернет Web-сайте "Государственный регистр информационных ресурсов и информационных систем Республики Казахстан".