"Нормативтік құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма жасау қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қазандағы N 1097 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына норма жасау қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына норма жасау
қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1)  1-бап мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкi - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген мәлiметтер туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстермен және толықтырулармен) мәтiндерiнiң жиынтығы;
      14) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзілiмi - дерекқоры осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi.";

      2)  14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшіншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен қоғамдық бiрлестiктердің өкiлдерi тартылуы мүмкiн.";

      3)  16-баптың 7) тармақшасы "күнiн" деген сөзден кейiн "және нөмiрiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      4)  17-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нормативтік құқықтық актіде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiде немесе бұрын қолданысқа енгізілген бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.";

      5)  19-бапта :
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Нормативтiк құқықтық актілердегi сiлтемелер және келтiру";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден жекелеген ережелер келтiруге жол берiлмейдi.";

      6)  28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Нормативтiк құқықтық aкті мәтiнiнiң мазмұнына нормативтiк құқықтық акт мәтiнi мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.";

      7)  38-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігінде ", ведомстволық сипаттағы" деген сөздер алып тасталсын;

      8)  47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп өзiне мұндай актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзілiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу және оларды пайдалануға беру тәртiбiн анықтайды.
      Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiн тиiстi мемлекеттiк органның мөрiмен расталған қағаз жеткiзгiштерде және электронды жеткiзгiштерде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне жiбередi.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в Закон Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" по вопросам совершенствования нормотворческой деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2004 года N 1097

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в  Закон Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" по вопросам совершенствования нормотворческой деятельности.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Проект    

Закон Республики Казахстан
О внесении дополнений и изменений в Закон Республики Казахстан
"О нормативных правовых актах" по вопросам совершенствования
нормотворческой деятельности

       Статья 1. Внести в  Закон Республики Казахстан от 24 марта 1998 г. "О нормативных правовых актах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 2-3, ст. 25; 2001 г., N 20, ст. 258; 2002 г., N 5, ст. 50; 2004 г., N 5, ст. 29; N 13, ст. 74) следующие дополнения и изменения:

      1)  статью 1 дополнить подпунктами 13), 14) следующего содержания:
      "13) эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан - совокупность текстов нормативных правовых актов (с изменениями и дополнениями), сведения о которых внесены в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      14) Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан - единая система государственного учета нормативных правовых актов Республики Казахстан, база данных которой содержит все необходимые сведения информационно-справочного характера об этих актах.";

      2) пункт 1  статьи 14 дополнить предложением третьим следующего содержания:
      "В рабочую группу по подготовке проекта закона могут привлекаться депутаты Парламента Республики Казахстан и представители общественных объединений.";

      3) подпункт 7)  статьи 16 после слова "дату" дополнить словами "и номер";

      4) пункт 9  статьи 17 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Термины и определения, используемые в нормативном правовом акте, должны соответствовать терминам и определениям, применяемым в вышестоящем нормативном правовом акте или в нормативном правовом акте одного уровня, введенном в действие ранее.";

      5) в  статье 19 :
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Статья 19. Ссылки и воспроизведение в нормативных правовых актах";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Воспроизведение отдельных положений из нормативных правовых актов одного уровня не допускается.";

      6)  статью 28 дополнить пунктом 5 следующего содержания:
      "5. При внесении изменений и дополнений в содержание текста нормативного правового акта в объеме, превышающем половину содержания текста нормативного правового акта, принимается его новая редакция.";

      7) в части первой пункта 1  статьи 38 слова ", межведомственный характер" исключить;

      8) пункт 1  статьи 47 изложить в следующей редакции:
      "1. Государственный учет нормативных правовых актов осуществляет Министерство юстиции Республики Казахстан. Государственный учет включает в себя централизованный сбор таких актов, ведение Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      Правительство Республики Казахстан определяет порядок ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан и предоставления их в пользование.
      Государственные органы направляют в Министерство юстиции Республики Казахстан копии нормативных правовых актов, подлежащих включению в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, на бумажных носителях, заверенные печатью соответствующего государственного органа, и на электронных носителях.".

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

       Президент
Республики Казахстан