Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма жасау қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына норма жасау
қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
1-бап. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкi - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген мәлiметтер туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстермен және толықтырулармен) мәтiндерiнiң жиынтығы;
14) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзілiмi - дерекқоры осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi.";
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшіншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен қоғамдық бiрлестiктердің өкiлдерi тартылуы мүмкiн.";
3) 16-баптың 7) тармақшасы "күнiн" деген сөзден кейiн "және нөмiрiн" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Нормативтік құқықтық актіде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiде немесе бұрын қолданысқа енгізілген бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.";
5) 19-бапта :
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Нормативтiк құқықтық актілердегi сiлтемелер және келтiру";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден жекелеген ережелер келтiруге жол берiлмейдi.";
6) 28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"6. Нормативтiк құқықтық aкті мәтiнiнiң мазмұнына нормативтiк құқықтық акт мәтiнi мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.";
7) 38-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігінде ", ведомстволық сипаттағы" деген сөздер алып тасталсын;
8) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп өзiне мұндай актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзілiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу және оларды пайдалануға беру тәртiбiн анықтайды.
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiн тиiстi мемлекеттiк органның мөрiмен расталған қағаз жеткiзгiштерде және электронды жеткiзгiштерде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне жiбередi.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi