Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2004 жылғы 16 сәуiрде Чолпан-Ата қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын ақпараттық қамтамасыз ету туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
әскери ынтымақтастығын ақпараттық қамтамасыз ету туралы
КЕЛIСIМ
(2011 жылғы 3 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 2, 17-құжат)
Арнайы
бекітілген
мәтін
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерi басшылары Кеңесiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы шешiмiмен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңiстiгiн құру тұжырымдамасы негiзiнде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығы туралы халықаралық қауымдастықты уақтылы және объективтi ақпараттандыру мақсатында,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қарулы күштерi ақпараттық құрылымдары ынтымақтастығының қажеттiгiн ескере отырып,
төмендегiлермен келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн төменде көрсетiлген терминдер мыналарды бiлдiредi:
ақпарат - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери ынтымақтастығындағы қарулы күштер, адамдар, заттар, фактiлер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы ашық мәлiметтер;
әскери ынтымақтастықты ақпараттық қамтамасыз ету - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң халықаралық қауымдастығын, мемлекеттiк органдарын, халықтың және қарулы күштерiнiң жеке құрамын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери ынтымақтастық туралы, соның iшiнде бiрлесiп өткiзген оқу-жаттығулар мен өзге де iс-шаралар, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының әскери-саяси ынтымақтастық мәселелерi туралы шешiмдерi туралы ақпараттандыру;
ақпарат органдары - Тараптардың, қарулы күштердiң органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары, олардың құзыретi шегiнде ақпаратты iздеу, алу, өңдеу, сақтау және тарату тапсырылған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери ынтымақтастықты үйлестiру жөнiндегi штаб.
2-бап
Тараптар ақпарат органдарына қолайлы жағдай жасайды және өзара бұқаралық ақпарат құралдарында оны iздеу мен алуда, өңдеуде, сақтау мен таратуда тiкелей екiжақты және көпжақты өзара iс-қимыл жолымен ақпаратпен өзара алмасуды дамытуға шаралар қолданады.
Бұл ретте ақпарат органдары бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасауы мүмкін.
3-бап
Әрбiр Тарап тiркелген редакциялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне iскерлiк қарым-қатынасты орнату және ақпарат материалдарын теле- және радиорепортаждарды дайындауды қоса алғанда, олардың кәсiби мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi жағдайлар жасауда басқа Тараптардың тiлшi пункттерiне тиiстi түрде жәрдем көрсететiн болады.
4-бап
Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердiң Әскери ынтымақтастықты үйлестiру жөнiндегі штабының өтiнiшi бойынша ақпараттарды тарату үшiн әскери ынтымақтастық шеңберiнде бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде мемлекеттiк телерадио ұйымының телерадио студияларында эфирлiк уақыт беруге жәрдемдеседi. Таратылатын ақпараттың мазмұны эфир уақытын берген Тараппен келiсiледi.
5-бап
Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердiң аумақтарында заңды негiзде таратылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери ынтымақтастығы мәселелерi туралы теле-, радио бағдарламаларын ұйымдастыруға, олар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тиiсті байланыс жүйелерiн пайдаланған кезде журналистер дайындаған материалдарын өз редакцияларына беруге жәрдемдесетiн болады.
Тараптар қажет кезiнде теле- және радио бағдарламаларды өзара тарату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын жеке келiсiмдер жасауы мүмкiн.
6-бап
Егер оны берген ақпарат органымен келiсілмесе, ақпарат кез келген бiреуге таратылуы немесе берiлуi мүмкiн емес. Ақпарат органдары ақпаратты беру немесе ақпараттық қызмет көрсету туралы сұрау салу және өтiнiш жiберген кезде осымен байланысты барлық немесе шығындарды өзiне алады.
7-бап
Осы Келiсiмге қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.
8-бап
Осы Келiсiмдi талқылау және қолдану кезiндегi даулар және келiспеушілiктер Тараптардың консультациялар мен келiссөздер жолымен жасалған келісiмi бойынша шешiлетiн болады.
9-бап
Осы Келісiм депозитарий Келiсiмге қатысушы барлық мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
10-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Хаттамалар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн көзделген тәртiппен күшiне енедi.
11-бап
Келiсiм 10 жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптар өзгелер туралы шешiм қабылдамаса, келесi 10 жыл кезеңiне автоматты түрде созылатын болады.
Әрбiр Тарап осы Келiсiмнен депозитарийге шығуы мүмкiн күнiне дейiн 6 айдан кешiктірмей ол туралы жазбаша түрде хабарлама жiберу жолымен шыға алады.
2004 жылғы 16 сәуiрде Чолпан-Ата қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады.
Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Грузия Республикасының Түрiкменстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украина Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн