Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттар алмасу, олардың салдарларын жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету кезiндегi өзара ақпараттық iс-қимыл туралы келiсiм бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы ақпараттар алмасу, олардың салдарларын жою және
зардап шеккен халыққа көмек көрсету кезiндегi өзара
ақпараттық iс-қимыл туралы
КЕЛIСIМ
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң тұлғасында, бұдан әрi Тараптар,
1993 жылғы 22 қаңтардағы Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара iс-қимыл туралы келiсiмге негiздей отырып,
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болу қаупiн және салдарларын азайту саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға тiлек бiлдiре отырып,
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың трансшекаралық әсер ету мүмкiндігіне қатысты барлық қажет және шынайы мәлiметтi ең қысқа мерзiмде алуға мүмкiндiк беретiн ақпараттық ортаны жасауға қажеттiлiкке көз жеткiзе отырып,
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн ақпараттық ресурстарды бiрлесе пайдалану, зардап шеккен халыққа көмек көрсетудiң қажеттiлiгiн мойындай отырып,
осы саладағы ақпарат алмасу жөнiндегi екi жақты және көп жақты уағдаластықтың пайдалы екендiгiн ескере отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Тараптардың уәкiлеттi органдары, сондай-ақ ұлттық ақпарат агенттiктерi - Тараптардың орталық мемлекеттiк ақпарат агенттiктерi арқылы олардың мемлекеттерiнiң аумақтарында болған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, Тараптардың өзара көмек, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан көмек жөнiндегi сұраныстары мен ұсыныстары туралы жан-жақты ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Тараптар ұлттық ақпарат ресурстарын пайдалана отырып, мемлекетаралық ақпарат алмасудың тиiмдi жүйесiн құру, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы бiрыңғай мәлiметтер банкiсiн ұйымдастыру үшiн шараларды қабылдайды.
Тараптар осы Келiсiмге және олар қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарға, ұлттық заңнамаға сәйкес, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекетаралық ақпарат алмасудың, олардың салдарларын жою және зардап шеккен халыққа көмек көрсету кезiнде ақпараттық өзара әрекеттесудiң нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базасын құру саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
Тараптар хабарлар берудiң халықаралық стандарттарымен белгiленген тәсiлдерiн сақтай, Тараптардың жұмыс iстеп тұрған ақпарат коммуникациялық ресурстарын, сондай-ақ жаңадан құрылатын байланыс жүйесiн пайдалана отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жұмысшы тiлiнде ақпарат алмасады.
Тараптар төтенше жағдайлар туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы үшiн жауапкершiлiктi арқалайды.
Тараптар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда тиiмдi өзара iс-қимылдар, зардап шеккен халыққа көмек көрсету және қоршаған ортаны ластанудың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлардың қаупiн басқарудың ұлттық жүйесiн дамыту үшiн қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар, басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн жаңғырту, байланыс пен хабарлау жүйесiн жетiлдiру негiзiнде шараларды жүзеге асырады.
Тараптар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат алмасу, олардың алдын алу және салдарларын жою мен зардап шеккен халыққа көмек көрсету саласындағы өзара мүдделiлiк танытатын бiрiккен жобаны жүзеге асырады. Ынтымақтастық Тараптар бiрiккен жобаларды дайындау мен iске асыруды бөлек келiсiм жасаумен жүзеге асырады.
Тараптардың ұлттық ақпарат агенттiктерi тек Тараптардың төтенше жағдайларды басқару саласындағы уәкiлеттi органдары беретін ақпаратпен алмасады.
Осы Келiсiм шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет нәтижесiнде алынған ақпарат, Тараптардың заңнамасына сәйкес жариялануға жатпайтын ақпаратты қоспағанда, белгiленген тәртiппен жарияланады.
Тараптардың уәкiлеттi органдары және ұлттық ақпарат агенттiктерi осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында тiкелей қарым-қатынас орнатады.
Осы Келiсiмдi қолдануға және түсiндiруге байланысты даулар мүдделi Тараптардың кеңестерi және келiссөздерi жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажет iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарламаны депозитарийге берген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм iшкi мемлекеттік рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн хабарламаны депозитарийге берген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамасы бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн және Осы Келiсiмнiң 11-бабымен көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкін.
Осы Келiсiм оның ережелерiн бөлiсетiн және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға даяр әзiр Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Келiсiмнiң ережелерiн бөлiсетiн, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына кiрмейтiн мемлекеттер үшiн қосылу осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен барлық Тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады. Қосылу осындай қосылуға келiскендігі туралы соңғы хабарламаны депозитарийге берген күннен бастап күшiне енген болып саналады.
Осы Келiсiм ол күшiне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, Келiсiмнiң қолданысының осы мерзiмi бiткен соң әр кез бес жылға өздiгiнен ұзартылып отырылады.
Әрбiр Тарап шығуынан бұрын 6 айдан кешiктiрмей депозитарийге бұл жөнiнде депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып осы Келiсiмнен шыға алады.
Ялта қаласында 2003 жылдың 18 қыркүйегiнде бiр түпнұсқалық данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметі үшiн Үкiметi үшін
Грузия Республикасының Түркiменстан Республикасының
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметі үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украина Республикасының
Үкiметі үшiн Үкiметi үшiн