Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1178 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады.";
      мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
      "25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года N 833

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года N 1178

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление  Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года N 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 25, ст. 260) следующие дополнения:
      в Правилах учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 2) пункта 15 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Имущество, не реализованное по минимальной цене, установленной комиссией, уничтожается в порядке, определенном настоящими Правилами.";
      дополнить пунктом 25-2 следующего содержания:
      "25-2. Жилища, обращенные (поступившие) в собственность государства по отдельным основаниям, указанным в пункте 3 настоящих Правил, включаются в государственный коммунальный жилищный фонд. В этом случае порядок их дальнейшего использования регулируется жилищным законодательством Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан