1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады.";
мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
"25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.".