Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн 2004-2005 жылдардың жылыту маусымына дайындауға (қазандықты, тұрғын үйлердiң төбелерiн күрделi жөндеу және коммуналдық-пайдалану кәсіпорны үшін жабдықтар, материалдар, жылыту маусымына отын, арнайы автомашиналар сатып aлу) 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі