Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Техникалық жәрдемдесу мен ынтымақтастық туралы негіздемелiк келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қайрат Нематұлы Келiмбетовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Техникалық жәрдемдесу мен ынтымақтастық туралы негіздемелiк келiсiмге қол қоюға өкiлеттік берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ЕУРОПА
ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI АРАСЫНДАҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
НЕГIЗДЕМЕЛIК КЕЛIСIМ
Осы КЕЛIСIМ 2004 жылғы _______ Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - "Үкiмет") мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрі - "Банк" ) арасында жасалды.
ӨЙTКEHI
(А) Банк Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы 1990 жылғы 29 мамырдағы және 1991 жылғы 28 наурызда күшiне енген келiсiм ретiнде белгiлi (бұдан әрi - "ЕҚДБ туралы келiсiм") көп жақты шартқа сәйкес құрылған халықаралық қаржы институты болып табылады.
(В) Қазақстан Республикасы Банктiң мүшесi және ЕҚДБ туралы келiсiмнiң тарабын бiлдiретiн мемлекет болып табылады.
(С) ЕҚДБ туралы Келiсiмнiң 2(1)(iv)-бабына сәйкес Банк өз функцияларын орындау мақсатында жеке және сол сияқты арнайы инвестициялық бағдарламалар шеңберiнде тиiстi жобаларды дайындауда, қаржыландыруда және жүзеге асыруда техникалық жәрдем көрсете алады. Банктің әдеттегi және арнайы операциялары табиғатты қорғау бағдарламаларын қоса алғанда, жеке секторды дамыту үшiн және нарыққа бағдарланған экономикаға көшу үшiн қажетті инфрақұрылымды қайта құру немесе дамыту үшiн өзiне техникалық жәрдемдi қамтиды. Мұндай түрдегі кез-келген қызмет бұдан әрi "Техникалық жәрдем" деп аталады.
(D) Бұдан басқа, Банк кез-келген мемлекеттiк немесе жеке субъектiлермен ынтымақтастық туралы келiсiм жасай алады, олар арқылы Банк техникалық жәрдемдi қамтамасыз ету және қаржыландыру үшiн (бұдан әрi - "Гранттар қаражаты") осындай субъектiлерден алынған гранттар қаражатын алады және оларға билiк етедi.
(E) Әдетте Банк үкiметтiк министрлiктердi, әкiмшiлiк бiрлiктердi, мемлекеттiк және жеке субъектiлерді қоса алғанда, банктiң ағымдағы немесе ықтимал клиенттерiнiң мүддесiнде техникалық жәрдемдi қамтамасыз етедi не ұйымдастырады. Бұдан басқа, Техникалық жәрдем Банктiң өз мүддесiне де жүзеге асырылуы мүмкiн. Пайда табушы немесе Техникалық жәрдем алушы тұлға, бұдан әрi "Бенефициарий" деп аталады. Егер, Банктен басқа қандай да бiр мемлекеттік немесе жеке субъект Бенефициарий болып табылса, Бенефициарий бұдан әрі "Банктiк емес Бенефициарий" деп аталатын болады.
(F) Техникалық жәрдемдесу техникалық жәрдемдесу жобалары (бұдан әрi - ТЖ жобалары) арқылы жүзеге асырылады, оның шеңберiнде техникалық тапсырма немесе жұмыстар көлемi айқындалады, нақты техникалық тапсырма мен жұмыстар көлемiн орындау үшiн консультанттар тартылады. Мұндай консультанттардың жұмысы Банктiң әдеттегi негізгі ресурстары есебiнен не Банктiң арнайы қорларының ресурстары (бұдан әрi - "Банк ресурстары") есебiнен, не Гранттар қаражаты есебiнен қаржыландырылады. ТЖ жобаларын Банк жалдаған консультанттар немесе Банктiк емес бенефициар жалдаған консультанттар орындауы мүмкiн.
(G) Банк, ара-тұра, Банк қаржыландыратын инвестицияларға байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу үшiн Гранттар қаражатының әкiмшiсi әрi басқарушысы ретiнде де бола бередi. Банктiк емес бенефициарий пайдасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу үшiн Гранттар қаражатын беру бұдан әрi "Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру" деп аталатын болады.
(Н) Қазақстан Республиканың Салық кодексiнен рұқсат берiлген осымен көрсетiлгенiндей салық салудан босатуға рұқсат берудi қоса алғанда, кез-келген салық салудан босатуларға қосымша Банк пен Үкiмет Техникалық жәрдем көрсетуге және Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыруға ықпал ету үшiн шарттар мен ережелердiң жалпы шектерiн белгілеудi қалайды.
Тараптар мына төмендегілер туралы келiстi:
I БАП
ОСЫ КЕЛIСIМНIҢ МӘНI
1.01 Банк пен Үкiмет мыналар туралы:
(а) Банк ресурстары есебiнен Банк тiкелей iшiнара немесе толығымен немесе Гранттар қаражатын басқарушы әрi әкiмшiсi ретiнде қаржыландырылатын Техникалық жәрдемдесу және ТЖ жобалары, сондай-ақ
(b) Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру осы Келiсiмнiң шарттары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы келiстi.
1.02 Кiрiспе осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.
1.03 Күнделiктi практикада "техникалық жәрдемдесу" "техникалық ынтымақтастық" деп те аталады және де осы терминдер өз мағыналары бойынша тең және бiрiн-бiрi алмастырады. Тиiсiнше осы Келiсiмде пайдаланылатын "Техникалық жәрдемдесу" терминi өзiне техникалық ынтымақтастықты да қамтиды. Техникалық жәрдемдесу сонымен бiрге мыналарды:
(а) Консультанттар беретiн консультациялық қызметтердiң барлық түрлерiн;
(b) сатып алынуы Банктi қанағаттандырарлық тәртiппен жүзеге асырылатын жабдықтар мен материалдарды;
(с) тренингтер, теоретикалық және практикалық семинарлар, конференциялар және басқа да осындай iс-шараларды;
(d) сыртқы көздерден басқа техникалық жәрдем етумен қоса қаржыландыру; сондай-ақ
(e) Техникалық жәрдемге қосу үшiн Үкiметпен және Банкпен келiсiлген жәрдемдесудің кез-келген түрлерiн қамтиды.
1.04 Егер Бенефициар Банктен өзгеше субъект болып табылатын болса, Банк мұндай Бенефициармен келiсiм жасасады, онда гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдемдесу немесе бiрлесiп қаржыландыру (бұдан әрi - "Грант туралы келiсiм") берiлетiн шарттар мен ережелер көрсетiледi. Грант туралы бiр келiсiм гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдемдесудi де, Бiрлесе қаржыландыруды да көздей алады.
II БАП
ТЖ ЖОБАЛАРЫН IСКЕ АСЫРУ
2.01 ТЖ жобаларын Консультанттар орындайды. Осы келiсiмде пайдаланылатын "Консультанттар" терминi жеке тұлғалардан немесе консультациялық фирмалардан, компаниялардан тұратын жекелеген тәуелсiз сарапшыларды, консультациялық фирмаларды немесе компанияларды, консорциумдарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғаларды бiлдiредi және: (i) халықаралық және жергiлiктi консультанттарды, (іі) консультанттардың қосалқы мердiгерлерi және агенттерi болып табылатын жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ (ііi) заңды тұлғалардың сарапшыларын, қызметкерлерiн және персоналын қамтиды. Консультанттарды консультациялық қызметтердi көрсетуге арналған келiсiмдер (бұдан әрi - "Консультациялық келiсiм") бойынша Банк не Банктiк емес бенефициар жалдайды.
2.02 Консультанттарға арналған техникалық тапсырмалар тиiсті Консультанттық келiсiмдерде көрсетiледi. Мұндай техникалық тапсырмалардың мазмұны Консультациялық келiсiмнiң талаптарына сәйкес жазбаша келiсiм жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.
IІІ БАП
САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
3.01 Гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдем көрсету немесе Бiрлесiп қаржыландыру барысында пайдаланылатын және Банк ресурстары немесе Гранттар қаражаты есебiнен қаржыландырылатын барлық импортталатын және жергiлiкті материалдар, жабдықтар, жұмыстар және қызметтер, консультациялық қызметтердi қоса алғанда, салықтың барлық түрлерiнен (ҚҚС қоса алғанда, тiкелей немесе жанама), кедендiк баждардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе оның аумағында алынатын басқа да алымдар мен мiндеттi төлемдерден босатылады.
3.02 3.03-тармағын ескере отырып, барлық түсiмдер, табыс немесе Техникалық жәрдем көрсеткен Консультанттар тартқан шығыстардың орнын толтыру, Банк Ресурстары немесе Гранттар қаражаты есебiнен осындай түсiмдер, табыс немесе орнын толтыру қандай деңгейде қаржыландырылатын болса, Қазақстан Республикасында немесе оның аумағында салынатын барлық салықтар мен басқа да алымдардан және мiндетті төлемдерден сондай деңгейде босатылады.
3.03 3.02-тармағында көзделген босатылу Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бiр басқа себептерге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында табыс салығын төлеуге мiндетті Қазақстан Республикасының азаматтарына таралмайды.
3.04 Бүкiл Техникалық жәрдемдесу шеңберiнде көрсетілетiн қызметтің құны, сондай-ақ барлық Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру құны, Қазақстанда немесе оның аумағында салынатын табыс және корпоративтiк салықтарынан босатылады, осындай Техникалық жәрдем етуден немесе Грант қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландырудан тiкелей немесе жанама пайда таба алатын Бенефициарийдiң салық салынатын пайдасы немесе салық салынатын табысы болып табылмайды және саналмауы тиiс.
ІV БАП
КОНСУЛЬТАНТТАРДЫҢ ИММУНИТЕТТЕРI,
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БОСАТУЛАРЫ
4.01 Егер де Банк осындай иммунитеттерден, артықшылықтар мен босатулардан бас тартпаса, Консультанттарға, ешқандай шектеусiз және 3.02-тармағын ескере отырып, олардың жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатындықтарына қарамастан, Банктiң тапсырмасын орындайтын сарапшылар мәртебесi беріледi және оларға осындай сарапшылар үшiн ЕҚДБ туралы келiсiмнiң ережелерiнде көзделген барлық иммунитеттер, артықшылықтар мен босатулар таралады, атап айтқанда:
(а) Консультанттар (егер де олар Қазақстан Республикасының
азаматтары болмаса), Қазақстан Республикасында
шетелдiктердi және әскери қызметтің мiндеттемелерiн тiркеу
бойынша иммиграциялық шектеулерге, талаптарға қатысты
осындай иммунитеттердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Банк қызметкерлерiне беретiн валюталық реттеу бөлiгiндегi
осындай жеңiлдiктердi пайдаланады;
(b) Консультанттар Қазақстан Республикасы Банк қызметкерлерiне
беретiн орын ауыстыруға қатысты сондай режимдi
пайдаланады;
V БАП
БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР
5.01 Тараптар арасындағы қатынастар мақсатында осы Келiсiм, оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
5.02 Үкімет осы Келiсiмге Бенефициарлар мен Консультанттар жүгiне алатындай, Қазақстан Республикасында ол күшiне енуi үшін, оны бекiту жөнiнде барлық мемлекетішілік рәсiмдердi орындайды.
5.03 Осы Келiсiм Yкiмет пен Банк жазбаша нысанда тиiстi құжатқа қол қою арқылы өзгертілуi мүмкiн.
5.04 Осы Келiсiм екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
5.05 Осы Келiсiмнiң ережелерiнiң ешқайсысы да Банкке EҚДБ туралы Келiсiммен, халықаралық конвенциялармен немесе қолданыстағы құқықпен берiлген қандай да бiр иммунитеттердi, артықшылықтарды немесе босатуларды шектемейдi және шектеуші ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫ РАСТАУ ҮШIН осы Келiсiмге Тараптардың тиiсті өкiлдерi қол қойды.
Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта Құру және Даму
Yкiметi үшін: Банкi үшін: