Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынысын қарай келiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыйлықтары мыналарға берiлсiн:
Төлен Әбдiковке, прозашы - "Парасат майданы" повесі үшін;
Алтынбек Қоразбаевқа, сазгер - 1999-2003 жылдардағы концерттiк бағдарламалары үшiн;
Роза Қуанышқызы Рымбаеваға, Қазақстан Республикасының халық әртiсi - 1999-2003 жылдардағы концерттік бағдарламалары үшін;
Ақселеу Сейдiмбекке, өнертанушы - "Қазақтың күй өнерi" монографиясы үшін;
Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбайға, суретшi - 1999-2003 жылдардағы шығармашылық еңбектерi үшін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі