Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынысын қарай келiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыйлықтары мыналарға берiлсiн:
      Төлен Әбдiковке, прозашы - "Парасат майданы" повесі үшін;
      Алтынбек Қоразбаевқа, сазгер - 1999-2003 жылдардағы концерттiк бағдарламалары үшiн;
      Роза Қуанышқызы Рымбаеваға, Қазақстан Республикасының халық әртiсi - 1999-2003 жылдардағы концерттік бағдарламалары үшін;
      Ақселеу Сейдiмбекке, өнертанушы - "Қазақтың күй өнерi" монографиясы үшін;
      Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбайға, суретшi - 1999-2003 жылдардағы шығармашылық еңбектерi үшін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады