Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Кеңес құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат; N 46, 502-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) 1-тармақ алынып тасталсын;
2) 4-тармақта "осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетілген "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзілген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженің 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2004 жылғы "___" _________
N ___ Жарлығымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң құрамы
Назарбаев - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы Кеңес төрағасы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрi
Әбiқаев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұртай Әбiқайұлы Сенатының Төрағасы (келiсiм бойынша)
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Орал Байғонысұлы Мәжiлiсiнiң Төрағасы (келiсiм бойынша)
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Президентi
Әдiлбек Рыскелдiұлы Әкімшілігінің Басшысы
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Әнуар Ғалимоллаұлы Төрағасы
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi
Өксiкбаев - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы бақылайтын есеп комитетiнiң төрағасы.
Қазақстан Республикасы
Президентiнің
2004 жылғы "___" _________
N ___ Жарлығымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
4. Кеңестiң негiзгі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) пайдалану мәселелерi бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
5. Кеңес мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай функцияларды атқарады:
1) Қорды қалыптастырудың және пайдаланудың тиiмділігiн арттыру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
2) Қорды пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiндегі ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
3) материалдық емес активтердi қоспағанда, Қорды орналастыру үшiн рұқсат етілген қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң тiзбесi жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу.
3. Кеңестiң құқықтары
6. Кеңестің заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
1) Қор қызметінiң мәселелерiн талқылауға мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкiлдерiн тартуға;
2) ұсынымдық сипаттағы қаралатын мәселелер бойынша тиiсті шешiмдер қабылдауға құқығы бар.
4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
7. Кеңестi төраға басқарады.
8. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарын өткiзетiн орынды және уақытты белгілейдi;
3) Кеңес отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
4) Кеңес мүшелерiне орындау үшiн міндеттi нұсқаулар бередi.
9. Кеңес мүшелерi:
1) Кеңес жұмысының жоспары, оның отырыстарының күн тәртiбi мен мәселелердi талқылау тәртiбi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) Кеңес отырыстарына материалдар, оның шешімдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға;
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелердi талқылауға қатысуға құқылы.
10. Кеңестің отырыстары қажеттiлiгiне қарай және Кеңестің төрағасы анықтайтын мерзiмдерде кемiнде жылына бiр рет өткiзіледi және хаттамамен ресiмделедi. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң үштен екiсi болған кезде заңды. Кеңес мүшелерiнiң өздерiнiң өкілеттіктерiн өзге лауазымды тұлғаларға беруiне жол берiлмейдi.
11. Кеңестің шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң отырысына қатысқандардың жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең бөлiнген кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
12. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгi болып табылады.