"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне "Қазақстан-Коммерция" ашық акционерлiк қоғамының пайдасына шығарылған Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2004 жылғы 26 ақпандағы қаулысын орындау үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 25812198 (жиырма бес миллион сегiз жүз он екі мың бiр жүз тоқсан сегiз) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі