Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдіру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында :
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта:
03 "Ақпараттық кеңiстiк" деген iшкi функцияда:
236 "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
001 "Ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарлама бойынша:
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" деген кiшi бағдарламада "119608" сандар "125083" сандармен ауыстырылсын;
009 "Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" деген кiшi бағдарламада "10000" деген сандар "4525" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында :
көрсетілген қаулының
324-қосымшасында
:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 3-жолда "76 принтердi ұстау және қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң таратылған аумақтық органдарының қызметкерлерiне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу";
реттiк нөмiрi 5-жолда "3" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.