Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығы.


      "Актілер жинағында" және

      республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi реттеуге және оның тиiмділігiн арттыруға бағытталған әкiмшiлiк реформаны жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 25.08.2014 № 898 Жарлығымен.

      2. Таратылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгiнiң базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі құрылсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң туризмдi дамыту функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне, ал мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы функциялары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берiле отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне қосу жолымен;

      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi оның шағын кәсiпкерлiктi тiкелей қолдау функциялары жергiлiктi атқарушы органдарға берiле отырып, сондай-ақ оған мынадай:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi реттеу;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ауыл шаруашылығы iрi машина жасау және өнеркәсiп;

      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң инновацияларды дамытуды үйлестiру және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, инновациялық кәсiпкерлiк, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары берiле отырып;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi оның жер қойнауын қорғау жөнiндегi бақылау-қадағалау функциялары - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне, ал күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергетикалық ұйымдардың дайындығын ұйымдастыру жөнiндегi функциялары (ұлттық компаниялардың қызметiн үйлестiрудi қоспағанда) жергiлiктi атқарушы органдарға берiле отырып;

      4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi оған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн қосу жолымен;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi комитетiнiң экономика секторларындағы мемлекеттiк активтердi басқару аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне берiле отырып;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгі, оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне қосу жолымен;

      7) Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне қосу жолымен;

      8) Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi, оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне қосу жолымен;

      9) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi оның бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берiле отырып, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi:

      1) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi комитетiнiң тиiстi аумақтық бөлiмшелерiмен, оларға өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, өртке қарсы қадағалауды және азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын шоғырландыра отырып;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Спорт iстерi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестiктi қорғау комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Фармация комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiн, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып;

      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiн;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетiн, оған министрлiктiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi функцияларын бере отырып;

      2) мыналар таратылсын:

      қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi оның функцияларын аталған министрлiктiң орталық аппаратына бере отырып;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеті;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп комитетi;

      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi;

      Қазақстан Pecпубликасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестаттау комитетi;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қаржылық бақылау комитетi;

      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi;

      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің Темiр жол көлiгі комитетi;

      ТМД, EypAзЭҚ және БЭК мәселелерi жөнiндегi министрдiң арнаулы орынбасарын белгiлей отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi оның функцияларын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппаратына берiлсiн;

      3) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгінiң аумақтық бөлiмшелерi таратылсын;

      4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу , азаматтарды құжаттандыру және тiркеу функцияларын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiне берудi қамтамасыз етсiн;

      5) ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейiн министрлiктер мен олардың ведомстволарының iшкi қайта ұйымдастырылуын қамтамасыз етсiн, оның барысында жергілiктi, сондай-ақ орталық билiк органдарының штат санын елеулi қысқартуды көздесiн және Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын әрi таратылатын мемлекеттiк органдарының штат санын қайта бөлудi қамтамасыз етсiн;

      6) он күн мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдардың бiрiздендiрiлген үлгi құрылымын бекiтсiн және ағымдағы жылдың аяғына дейiн жергіліктi атқарушы органдардың құрылымын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес келтiрсiн;

      7) министрлiктер мен комитеттердiң құрылымын, функцияларын және өкiлеттiктерiн осы Жарлықпен белгiленген мемлекеттiк басқарудың принциптерiне кезең-кезеңмен сәйкес келтiрсiн;

      8) осы Жарлықтың талаптарынан туындайтын заңдар жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзсiн;

      9) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2008.02.14 N 536 Жарлығымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы абзацтар алынып тасталсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi";

      "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi";

      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi";

      "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi".

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады