Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң Рим қаласы, Кассий көшесi, 471 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшiлiгiнiң әкiмшiлiк ғимараты мен Төтенше және Өкілеттi Елшісінің резиденциясын (бұдан әрi - ғимарат) жобалау және салу (қайта жаңарту) туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi:
1) республикалық бюджетте тиісті бағдарлама бойынша көрсетiлген мақсаттарға көзделетiн қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 8421059 (сегiз миллион төрт жүз жиырма бiр мың елу тоғыз) евроға баламалы сомада ғимаратты жобалауды және салуды (қайта жаңартуды) толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимаратты жобалау және салу (қайта жаңарту) жөнiндегi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырсын;
3) ғимаратты жобалауды және салуды (қайта жаңартуды) қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ғимаратты жобалауды және салуды (қайта жаңартуды) қаржыландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн:
1) 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елде жылжымайтын мүлiк объектілерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 3863529 (үш миллион сегiз жүз алпыс үш мың бес жүз жиырма тоғыз) евроға баламалы сомада;
2) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 3087720 (үш миллион сексен жетi мың жетi жүз жиырма) евроға баламды сомада;
3) ғимаратты салуды (қайта жаңартуды) аяқтау үшiн қажеттi соманың қалған бөлiгiн бөлу белгiленген рәсiмдердi өткеннен кейiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде қаралатын болады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі