"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесi;
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бес жасқа дейiнгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
3) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
4) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулердi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
5) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын жергiлiктi деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
6) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстардың орнын толтыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
7) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасының пайдаланылуы туралы есептер берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау
мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана
және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы
нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрі - Ереже) мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды:
035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бес жасқа дейiнгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергiлiкті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегі шығыстардың орнын толтыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
040 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".
1. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ амбулаториялық емдеу кезiндегi ағымдағы нысаналы трансферттердiң есебiнен сатып алынатын дәрiлiк заттардың (құрамында темiр мен йод бар препараттарды қоса алғанда) бiрыңғай номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды.
Дәрілiк заттарды (құрамында темiр мен йод бар препараттарды қоса алғанда) мемлекеттiк сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушылар болып денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары әрекет етедi.
2. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медициналық ұйымдары арасында 20-дан 34 жасқа дейiнгi әйелдердi алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға арналған соманы бөлудi осы ұйымдарға бекiтiп берiлген, көрсетілген жастағы әйелдердiң санына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүргізедi.
3. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары мемлекеттiк фельдшерлiк пункттердi, фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi, әйелдер консультацияларын (кабинеттерiн), аудандық ауруханаларды, қалалық, облыстық ауруханаларды, балалар мен босандыру медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшiн медициналық жабдық пен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуды, мемлекеттік ауылдық (отбасылық) дәрiгерлiк амбулаторияларға және жедел шұғыл медициналық жәрдем қызметтерiне санитарлық көлiк сатып алуды, сондай-ақ оларды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медициналық ұйымдары арасында бөлудi жүзеге асырады:
1) медициналық жабдықтың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды;
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк медициналық ұйымдарды, санитарлық көлiктi қоспағанда, материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу үшiн шарт 2002-2004 жылдар iшiнде осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген медициналық ұйымдарда Денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру жөнiндегі өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде 2005 жылы жоспарланатын күрделi жөндеудi жүзеге асыру болып табылады. Денсаулық сақтауды басқаруды жергілікті мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне объектілер бойынша құралдар мен жұмыс түрлерiн көрсете отырып, осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген объектiлердi күрделi жөндеу жөнiндегі ақпаратты ұсынады;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы Ереженiң 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетiлген шарттар орындалмаған жағдайда облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
4. Орта кәсiптiк бiлiм бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстардың орнын толтыруға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне ұсынатын оқитындардың контингентi туралы ақпараттың негiзiнде бөлiнедi.
5. Медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) бiлiктiлiктi арттырудың бiр айлық циклына жiберiлетiн, халыққа тұрақты медициналық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары бас дәрiгерлерiнiң және қайта даярлаудың 10 айлық циклына жiберiлетiн, денсаулық сақтаудың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары басшыларының, басшылардың орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының оқуына және iссапар шығыстарына арналған шығыстардың орнын толтыру;
2) бiлiктiлiктi арттырудың бiр айлық курсына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша маманданудан өткен бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi - БМСК) ұйымдары дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарының және оқуына арналған шығыстарының және қайта даярлаудың 6 айлық курсына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша маманданудан өтпеген БМСК ұйымдары дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарының, оқуына және жұмыс орындарын алмастыруға арналған шығыстарының орнын толтыру үшiн көзделедi.
6. Медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары 2005 жылғы 20 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынатын конкурстық рәсiмдердiң қорытындыларын шығару туралы хаттамалардың және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға арналған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен және мерзiмде қажетті есептердi ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне 5 жасқа дейiнгi
балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз
етуге нысаналы ағымдық трансферттердiң
сомаларын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 532285,0
Ақмола облысы 21443,0
Ақтөбе облысы 18424,0
Алматы облысы 32812,0
Атырау облысы 8141,0
Шығыс Қазақстан облысы 42174,0
Жамбыл облысы 33557,0
Батыс Қазақстан облысы 29031,0
Қарағанды облысы 81588,0
Қостанай облысы 28301,0
Қызылорда облысы 15206,0
Маңғыстау облысы 15805,0
Павлодар облысы 32618,0
Солтүстік Қазақстан облысы 19949,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 56427,0
Астана қаласы 33627,0
Алматы қаласы 63182,0
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне 20-дан 34 жасқа
дейiнгi әйелдердi алдын ала медициналық
тексерудi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы
нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 847844,0
Ақмола облысы 37223,0
Ақтөбе облысы 38519,0
Алматы облысы 85888,0
Атырау облысы 25489,0
Шығыс Қазақстан облысы 79744,0
Жамбыл облысы 56407,0
Батыс Қазақстан облысы 32075,0
Қарағанды облысы 74711,0
Қостанай облысы 48314,0
Қызылорда облысы 33982,0
Маңғыстау облысы 19909,0
Павлодар облысы 42054,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 33974,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 119248,0
Астана қаласы 40554,0
Алматы қаласы 79753,0
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне жүкті әйелдердi
құрамында темiр мен йод бар препараттармен
қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 736794,0
Ақмола облысы 26309,0
Ақтөбе облысы 36101,0
Алматы облысы 70906,0
Атырау облысы 27422,0
Шығыс Қазақстан облысы 52938,0
Жамбыл облысы 49025,0
Батыс Қазақстан облысы 27385,0
Қарағанды облысы 51175,0
Қостанай облысы 30875,0
Қызылорда облысы 34611,0
Маңғыстау облысы 23953,0
Павлодар облысы 28688,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 20973,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 179159,0
Астана қаласы 16797,0
Алматы қаласы 60477,0
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Жергiлiктi деңгейдегі денсаулық сақтаудың
медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық
жарақтандыруға облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
ағымдағы трансферттердің сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сома, | соның iшiнде
| мың |________________________________________
| теңге |Фельдшер- |Балалар |Ауылдық |Аудандық,
| |лiк, фель-|мен босан-|(отбасы- |қалалық
| |дшерлiк- |дыру ұйым-|лық) амбу-| және
| |акушерлiк |дарын ме- |латориялар|облыстық
| |пункттер- |дициналық |мен жедел |аурухана-
| |дi, әйел- |жабдықпен |және |ларды ме-
| |дер консу-|және меди-|шұғыл ме- |дициналық
| |льтацияла-|циналық |дициналық |жабдықпен
| |рын (каби-|мақсаттағы|көмек көр-|және ме-
| |неттерiн) |ұйымдармен|сету қыз- |дициналық
| |медицина- |жарақтан- |метін са- |мақсат-
| |лық жаб- |дыру |нитарлық |тағы ұй-
| |дықпен жә-| |автокөлік-|ымдармен
| |не медици-| |пен қамта-|жарақтан-
| |налық мақ-| |масыз ету |дыру
| |саттағы | | |
| |ұйымдармен| | |
| |жарақтан- | | |
| |дыру | | |
__________________________________________________________________
Барлығы 5231000 2991596 491901 505700 1241803
Ақмола облысы 440269 291923 20583 20800 106963
Ақтөбе облысы 266931 123598 20583 32500 90250
Алматы облысы 555555 358087 20583 74100 102785
Атырау облысы 138539 80346 7421 15600 35172
Шығыс Қазақстан
облысы 470064 251106 63430 61100 94428
Жамбыл облысы 318560 160006 28004 40300 90250
Батыс Қазақстан
облысы 323989 176461 14843 29900 102785
Қарағанды облысы 190362 53061 29685 29900 77716
Қостанай облысы 437090 256885 22264 46800 111141
Қызылорда облысы 151285 64626 22264 7800 56595
Маңғыстау облысы 129044 30380 28004 1300 69360
Павлодар облысы 348996 188220 35426 35100 90250
Солтүстiк Қазақ-
стан облысы 477601 330090 20583 32500 94428
Оңтүстiк Қазақ-
стан облысы 684254 452293 72533 65000 94428
Астана қаласы 79423 18370 35427 13000 12626
Алматы қаласы 219038 156144 50268 0 12626
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік
тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм
беру бойынша оқыту құнының ұлғаюы жөнiндегі
шығыстардың орнын толтыруға берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 95631,0
Ақмола облысы 2145,0
Ақтөбе облысы 5792,0
Алматы облысы 4819,0
Атырау облысы 4390,0
Шығыс Қазақстан облысы 8449,0
Жамбыл облысы 9406,0
Батыс Қазақстан облысы 6766,0
Қарағанды облысы 7409,0
Қостанай облысы 7261,0
Қызылорда облысы 4654,0
Маңғыстау облысы 4373,0
Павлодар облысы 3878,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 2805,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 17724,0
Астана қаласы 4159,0
Алматы қаласы 1601,0
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының,
сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы
менеджерлердің біліктілігін арттыруға және қайта
даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 149771,0
Ақмола облысы 9216,0
Ақтөбе облысы 9216,0
Алматы облысы 9216,0
Атырау облысы 9120,0
Шығыс Қазақстан облысы 9216,0
Жамбыл облысы 9216,0
Батыс Қазақстан облысы 9216,0
Қарағанды облысы 9216,0
Қостанай облысы 9216,0
Қызылорда облысы 9216,0
Маңғыстау облысы 9120,0
Павлодар облысы 9216,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 9216,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 10290,0
Астана қаласы 10649,0
Алматы қаласы 9216,0
__________________________________________________________________