Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының Сыбайлас жемқорлық және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтау проблемалары жөнiндегi зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасын құруға және жұмысын ұйымдастыруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 20000000 (жиырма миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгіленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы