Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнің қызметі туралы
келiсімдi бекiту туралы
Астана қаласында 2004 жылғы 9 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнiң қызметі туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
тату көршiлiк қатынастарды дамытуға және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара) режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын күзету жөнiндегi шаралар қабылдауда екi тәуелсiз мемлекеттердiң ажырамас құқығын мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерiнiң шекаралық қақтығыстарының алдын алуына, ал олар туындаған жағдайда - оларды шұғыл тергеудi және реттеудi қамтамасыз етуге қатысу қажеттiлiгiн атап өтiп,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерi мен шекара өкiлдерiнiң орынбасарлары Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес тағайындалады. Тараптардың шекара өкiлдерi мен олардың орынбасарларының тағайындалғаны туралы тегiн, атын және әкесiнiң атын, қызмет ету телiмдерiн және келу орындарын көрсете отырып, дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiне хабарлайды.
Шекара өкiлдерiнiң мiндеттерiн орындаған кезде шекара өкiлдерiнiң орынбасарлары шекара өкiлдерiне берiлген құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.
2-бап
Шекара өкiлдерi өз мемлекеттерiнiң заңнамасына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi туралы хаттамамен (N 1-қосымша) анықталған Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы телiмдерi шеңберiнде, сондай-ақ осы Келiсiммен анықталатын өкiлеттiктерге сәйкес бiр-бiрiмен бiрлесiп өз мiндеттерiн орындайды.
Жазбаша өкiлеттiктердi (N 2-қосымша):
Қазақстан Республикасының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары - Шекара қызметiнiң Директоры;
Ресей Федерациясының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Ресей Федерациясының Федеральды қауiпсiздiк қызметiнiң Директоры бередi.
3-бап
Шекара өкiлдерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн көмекшiлер, хатшылар, аудармашылар, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер тағайындалады, сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң жазбаша өкiлеттiктерiн, хатшылардың және аудармашылардың куәлiктерiн, екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiктердi (N 3-5-қосымшалар) шекара өкiлдерi бередi.
4-бап
Шекара өкiлдерi өз қызметi телiмдерiнiң шегiнде:
шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
Тараптар белгiлеген мемлекеттiк шекарадан өту ережесiнiң сақталуын бақылайды және белгiленген тәртiптi бұза отырып, одан өтудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп контрабандаға қарсы күрес жөнiнде шаралар қабылдайды;
құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, заңсыз көшiп-қонушыларды депортациялау (бepу) жөнiнде шаралар қабылдайды, соның iшiнде үшiншi елдерден, егер олардың басқа Тараптары мемлекетiнiң аумақтарынан шығуына дәлелдемелер бар болса;
адамдардың мәйiттерiн тануға қатысады және қажет болған жағдайда оларды беру жөнiндегi шаралар қабылдайды;
табиғатты мемлекеттiк басқару мен қорғау уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк шекарадағы шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтiң өткiзiлуiн жүзеге асырумен, сондай-ақ шекаралық суаттардағы суды пайдалануды бақылауды қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк шекара арқылы өрттердiң, жұқпалы аурулардың, індеттердiң және ауыл шаруашылығы зиянкестерiнiң таралу қаупi туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды;
мемлекеттiк шекара режимiн қамтамасыз етуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
5-бап
1. Шекара өкілдері бiрлескен жұмысты, әдетте, мәжiлiстердi (кездесулердi) өткiзу жолымен жүзеге асырады. Шекара өкiлдерiнiң арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiлуi мүмкiн.
2. Шекара өкiлдерiнiң мәжiлiсi (кездесуi) олардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша өткiзiледi. Мәжiлiстiң (кездесудiң) күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, оның өткiзiлетiн орны мен уақыты бiр мезгiлде ұсынылады.
Жекелеген жағдайларда мәжiлiсте (кездесулерде) шекара өкiлдерi арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкiн.
Мәжiлiстi (кездесудi) өткiзу туралы ұсыныстарға жауапты шекара өкiлдерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм iшiнде, бiрақ осындай ұсынысты қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер алған сәттен бастан 48 сағаттан кешiктiрмей беруi тиiс. Бұл ретте талқылау үшiн қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжiлiстi (кездесудi) өткiзетiн өзге де уақыт пен орын ұсынылуы мүмкiн.
3. Шекара өкiлi ұсынған мәжiлiске (кездесуге) Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi өздерi келуi тиiс. Егер бұл мүмкiн болмағанда, онда мәжiлiске (кездесуге) шекара өкiлiнiң орынбасары келедi, ол туралы мәжiлiс (кездесу) басталғанға дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей мәжiлiстi (кездесудi) өткiзудi ұсынған шекара өкiлiн хабардар етедi.
4. Шекара өкiлдерiнiң мәжiлiстерiнде (кездесулерiнде) олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәлер, жәбiрленушiлер және басқа да адамдар) қатыса алады.
Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң кездесулерiне хатшылар мен аудармашылар, ал қажет болған кезде сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
5. Жеке кездесулердi талап етпейтiн мәселелер хат алмасу немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану жолымен шешiлуi мүмкiн.
6. Шекара өкiлдерi келiсiлген мерзiмде мәжiлiстерде (кездесулерде) қабылданған шешiмдердi орындау жөнiндегі шаралар туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
6-бап
Шекара өкiлдерiнiң және олардың орынбасарларының жоспарлы мәжiлiстерi (кездесулерi), әдетте, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтарында кезекпен, ал жоспардан тыс болатындары оларды өткiзудi ұсынған Тараптардың шекара өкiлi ұсынған мемлекеттiң аумағында өткiзiледi.
Шекара өкiлдерiнiң тапсырмасы бойынша шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiледi. Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң қабылдаған шешiмдерi оларды шекара өкiлдерi бекiткеннен кейiн ғана күшiне енедi. Шекара өкiлдерiнiң көмекшiлерi келiсе алмаған мәселелер шекара өкiлдерiнiң қарауына берiледi.
7-бап
Шекара өкiлдерi мәжiлiстерiнiң (кездесулерiнiң) қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда мәжiлiстiң (кездесудiң) күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, мәжiлiстiң (кездесудiң) жалпы барысы, қабылданған шешiмдер мен оларды орындау мерзiмдерi көрсетiледi.
Мәжiлiстiң (кездесудiң) хаттамасы екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, шекара өкiлдерiнiң немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдарымен және елтаңбалық мөрлермен бекiтiледi.
8-бап
1. Шекара өкiлдерi өзара келiсiм бойынша мемлекеттiк шекарада кездесу бекеттерiн, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар алмасу бекеттерiн және техникалық байланыс құралдарын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi. Қызметтiк хат-хабар қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер қызметтiк хат-хабарды мемлекеттiк шекарада қабылдау мен берудi тәулiк бойы жүзеге асырады.
2. Шекара өкiлдерi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес ұсталған адамдарды және олардағы заттарды, сондай-ақ үй жануарларын және адамдардың мәйiттерiн берудi ұйымдастырады. Осы рәсiмдердi жүзеге асыру орнын, уақытын және жүзеге асыру тәртiбiн шекара өкiлдерi жеке анықтайды.
3. Шекара өкiлдерi өзара уағдаластық бойынша ұсталған адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру кезiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа да iс-қимыл жасау кезiнде ресiмделетiн актiлердiң, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгiлерiн белгiлейдi.
Ұсталған адамдарды, жануарларды, мүлiктердi және адамдардың мәйiттерiн берудi шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары немесе көмекшiлерi жүзеге асырады.
9-бап
1. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары мен сарапшылары осы Келiсiмге сәйкес өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн осы үшiн белгiленген бекеттерде немесе келiсiлген жерлерде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
2. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi жазбаша өкiлеттiктер (N 2 және 3-қосымшалар) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
3. Хатшылар мен аудармашылар куәлiктерi (N 4-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
4. Сарапшылар және бiрлесiп жұмыс жасау үшiн тартылған басқа да адамдар екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiк (N 5-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
5. Шекара өкiлдерiнiң, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң өкiлеттiктерiн, хатшылар мен аудармашылардың куәлiктерiн бекiту мәжiлiстерде (кездесулерде) жүзеге асырылады.
6. Шекарадан өтуге құқық беретiн құжаттарды жоғалтқан жағдайда, осы Келiсiмге сәйкес олардың иелерi бұл туралы шұғыл түрде өз мемлекетiнiң шекара өкiлiне хабарлауы тиiс, ол жоғалған құжаттың күшiн жояды және басқа Тарап мемлекетiнiң шекара өкiлiн болған жағдай туралы хабардар етедi.
10-бап
1. Шекара өкiлдерiне, олардың орынбасарларына, көмекшiлерiне, хатшыларға, аудармашылар мен сарапшыларға осы Келiсiмге сәйкес басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы мiндеттердi орындап жүрген кезде жеке басының қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарға және мүлiкке қол сұғылмайтындығына кепiлдiк берiледi.
Көрсетiлген лауазымды тұлғалар белгiленген нысандағы киiмдi киiп, бажсыз және басқа да салық пен алымдар салынбайтын жеке пайдалану және жұмыс iстеу үшiн қажеттi заттар, азық-түлiк тағамдар, темекi бұйымдары және дәрi-дәрмектердi өзiмен және басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына алып жүре алады.
2. Әр Тарап осы Келiсiмдi сол мемлекет аумағында орындауға байланысты шығыстарды көтередi, осыған сәйкес мәжiлiстердi (кездесулердi) өткiзуге жұмсалатын шығыстарды оларды аумағында өткiзетiн мемлекет Тарабы көтередi.
11-бап
Шекара өкiлдерi мынадай ақпараттармен алмасады:
мемлекеттiк шекарадан заңсыз өту фактiлерi туралы;
шекара арқылы адамдарды және контрабанданы заңсыз тасымалдаумен айналысатын адамдардың қызметi туралы;
мемлекеттiк шекараның маңында адамдардың немесе жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының туындауы туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерiнiң жаппай таралуы, өрттер мен су тасқындары туралы әрбiр Тарап мемлекетiнiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ықтимал ic-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнiнде қабылданған шаралар туралы;
мемлекеттiк шекара режимiн қамтамасыз етуге ықпалын тигiзетiн басқа да мәселелер бойынша.
12-бап
Шекара өкiлi шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөнiндегi ынтымақтастықты жүзеге асырады, шекаралық қақтығыстарға тергеу жүргiзедi және реттейдi, соның iшiнде:
мемлекеттiк шекара арқылы адамдарға және басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына қарай атыс жүргiзу, соның iшiнде адамдардың қаза болуына немесе жарақат алуына, мүлiктердiң бүлiнуiне және басқа да ауыр салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар;
адамдардың, көлiк құралдарының мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтуi;
мемлекеттiк шекараны жүзу құралдарымен және ұшу аппараттарымен бұзуы;
мемлекеттiк шекара арқылы контрабандаларды өткізу;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара қызметтерiнiң лауазымды тұлғалары қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк шекарадан абайсыз өтуi;
екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға орай пайда болған мүлiктердi табу;
шекара белгiлерiн және басқа да шекара ғимараттарын өз бетiмен немесе кездейсоқ жылжыту, бүлдiру немесе қирату;
үй жануарларының мемлекеттiк шекара арқылы өтуi;
мемлекеттiк шекара арқылы өрттiң тарауы;
Тараптар мемлекеттерiнiң мүддесiне нұқсан келтiретiн, бiрақ дипломатиялық арналар бойынша шешудi талап етпейтiн мемлекеттiк шекара режимiн өзге де бұзушылар.
13-бап
1. Осы Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын анықтауды келiсiлген тәртiппен шекара өкiлдерi жүргiзедi. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру шекаралық қақтығыс болған Тарап мемлекетiнiң аумағында шекара өкiлiнiң басшылығымен жүзеге асырылады.
2. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексерудiң нәтижелерi жөнiнде акт, ал қажет болған кезде басқа да құжаттар жасалады.
3. Шекара өкiлдерi, осы Келiсiммен оларға берiлген өкiлеттiлер шеңберiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған үй жануарларын және мүлiктердi қайтару мәселелерiн шешедi.
4. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру құқық қорғау органдарының құзыретiне жататын iс-әрекеттерiнiң орнын ауыстыра алмайды.
5. Шекара өкiлдерi реттеуде келiсiмге қол жеткiзе алмаған шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
14-бап
N 1-5-қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
15-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.
16-бап
Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес күшiне енетiн хаттамалармен ресiмделедi.
17-бап
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Егер Тараптардың бiрде-бiрi екiншi Тарапқа Келiсiмнiң қолдану мерзiмi өткенге дейiн алты ай iшiнде оның қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарламаса, осы Келiсiмнiң қолданысы келесi бес жыл кезеңге өздiгiнен ұзартылады.
2004 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшін Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 1-қосымша
Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi туралы
ХАТТАМА
Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi былайша белгiленедi:
Қазақстан Республикасы тарапынан:
Атырау телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Атырау қаласы) - Каспий теңiзiндегi мемлекеттiк шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiнен Атырау облысының, Батыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орал телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Орал қаласы) - Атырау облысының, Батыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Батыс Қазақстан облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Ақтөбе телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Ақтөбе қаласы) - Батыс Қазақстан облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Қостанай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Қостанай қаласы) - Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Петропавл телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Петропавл қаласы) - Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Павлодар телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Павлодар қаласы) - Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Шығыс телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Өскемен қаласы) - Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн;
Ресей Федерациясы тарапынан:
Астрахан телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Астрахан қаласы) - Каспий теңiзiндегi мемлекеттiк шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiнен Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Волгоград телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Волжский қаласы) - Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларынан және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Саратов телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Саратов қаласы) - Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Самара облысының, Орынбор облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Бузулук телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Бузулук қаласы) - Самара облысының, Орынбор облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Илекск ауданының, Орынбор облысының Соль-Илецк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орынбор телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Орынбор қаласы) - Орынбор облысы Илекск ауданының, Орынбор облысы Соль-Илецк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орск телiмi бойынша шекаралық өкiл үшiн (келу орны - Орск қаласы) - Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысының, Челябинск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Магнитогорск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Магнитогорск қаласы) - Орынбор облысының, Челябинск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Челябинск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Троицк қаласы) - Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Курган телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Курган қаласы) - Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Курган облысының, Тюмен облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Тюмен телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Ишим қаласы) - Курган облысының, Тюмен облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Тюмен облысының, Омбы облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Исилькуль телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Исилькуль қаласы) - Тюмен облысының, Омбы облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысы Полтавск ауданының, Омбы облысының Шарбақты көл ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Омбы телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Омбы қаласы) - Омбы облысы Полтавск ауданының, Омбы облысы Шарбақты көл ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Новосибирск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Купино қаласы) - Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Новосибирск облысының, Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Барнаул телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Барнаул қаласы) - Новосибирск облысының, Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Таулы-Алтай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Акташ поселкесi) - Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн.
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 2-қосымша
Шекара өкiлiнiң (шекара өкiлi орынбасарының)
өкiлеттігі
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
1-бет - Өкiлеттік
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
___________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының ___________________________
(телiмнiң атауы)
бойынша __________________________ шекара өкiлi (шекаралық өкiлiнiң
(мемлекеттің атауы)
орынбасары) болып тағайындалды.
___________________________________________________________________
(атағы, тегi)
жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн
уәкiлеттенедi және осыған байланысты Қазақстан-Ресей мемлекеттік
шекарасынан өтуге және
___________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
___________________________________________________________________
(өкiлеттiкке қол қоюға құқығы бар адам лауазымының атауы)
___________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_ жылғы "___" ________________ қаласы.
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _________ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 3-қосымша
Шекара өкiлi көмекшiсiнiң өкiлеттiгi
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
1-бет - ӨКIЛЕТТIК
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының ____________________________
(телімнің атауы)
бойынша ____________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара өкiлiнiң көмекшiсi болып тағайындалды.
____________________________________________________________________
(атағы, тегі)
жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн
уәкiлеттенедi және осыған байланысты Қазақстан-Ресей мемлекеттiк
шекарасынан өтуге
және _______________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
ШЕКАРА ӨКIЛI
____________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _______ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 4-қосымша
Хатшының және аудармашының куәлiгi
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiк атауы
1-бет - КУӘЛIК
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
___________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының ___________________________
(телiмнiң атауы)
бойынша ___________________________________________ шекара өкiлiнiң
(мемлекеттiң атауы)
___________________________________________________________________
(лауазымы)
болып тағайындалады және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасынан
өтуге және
___________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
ШЕКАРА ӨКIЛI
___________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
___________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _______ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 5-қосымша
Екi жаққа шекарадан бiр жолғы
өтуге арналған куәлiк
1-бет - Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасынан бiр жолғы
өтуге арналған Куәлiк
2-бет - 200_жылғы "___" ___________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
___________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының екi жағына да өтуге немесе
______________________________ шекара жолағында болуға құқығы бар.
(мемлекеттің атауы)
Иесiнiң жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.
200_жылғы "___" ___________ бастап
200_жылғы "___" ___________ жарамды.
ШЕКАРА ӨКIЛI
___________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
___________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
3-бет - 2 беттiң мәтiнi _______ тілінде
4-бет -