Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығын қараңыз.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1415 қаулысымен
бекiтiлген
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы
бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды
адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды
жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар
қызметкерлерiнiң тiзбесi
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.09.2014 № 1002 қаулысымен.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
2. Комитет төрағасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
3. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар басшылары, бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
4. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
5. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
6. Комитеттiң аумақтық бөлімшелері басшыларының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
7. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң басшылары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
8. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары – тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды
жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
1. Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары, және олардың орынбасарлары – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі инспекторлар.
2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас аңшылық танушы және бас ихтиолог, аңшылық танушы және ихтиолог, бас қорықшы, қорықшы-инспектор.