1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі 2004 жылғы 30 желтоқсанға дейiн Ресей Тарабына дипломатиялық арналар арқылы Қорытындыны жiберсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1418 қаулысымен
бекiтілген
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын
ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың
2005 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды
1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi Ресей Тарабы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарларын, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарын келiседi.
Көрсетілген Келiсiмде "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкіне бөлінбейтін жақсартулар енгiзудiң кезекті жылға арналған жоспары, сондай-ақ ағымдағы жылғы осындай жоспардың орындалуы туралы есептi Ресей Тарабының келiсуге ұсынуы көзделмеген. Осыған байланысты ұсынылған "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне бөлінбейтiн жақсартулар енгiзу жоспары 2005 жылы және "Байқоңыр" кешенінiң жалға берiлген мүлкiне бөлінбейтін жақсартулар енгiзу туралы есеп 2004 жылы қарауға қабылданбады.
"Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкіне бөлiнбейтiн жақсартулар енгiзудi келiсу үшiн көрсетілген Келiсiмнің 2-бабына сәйкес "Байқоңыр" кешенiнiң жаңа объектілерiн салу және пайдаланылып жүргендерiн қайта жаңарту жобаларын ұсыну талап етіледі.