Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және республикалық бюджетке қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Окан-Қазинтер" бiрлескен қазақстан-түрiк кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепілдiк берген қарызды қайта құрылымдау мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Медетшi қор" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) (келiсiм бойынша) мен "Окан-Қазинтер" бiрлескен қазақстан-түрiк кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Окан-Қазинтер" БК" ЖАҚ) (келiсiм бойынша) келiсiмге (бұдан әрi - келiсiм) қол қоюын қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен жiберiлетiн қаражатты "Окан-Қазинтер" БК" ЖАҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
2005 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғанда, негiзгi борыш пен сыйақыны қайтаруды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйақы есептеудi, бұл ретте 2004 жылды қоса алғанда есептелген сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруды;
"Окан-Қазинтер" БК" ЖАҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiнен түскен таза кiрiстi тек қана келiсiмдi орындауға жiберуді;
"Окан-Қазинтер" БК" ЖАҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiл келiсiмiн ресiмдеудi;
қарыз алушы - "Окан-Қазинтер" БК" ЖАҚ-тың қаражаты есебiнен Қорға агенттiк сыйақы төлеудi көздеу қажет.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.Ғ.Дунаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі