Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 115-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы "тізбеге сәйкес" деген сөздерден кейін "көрсетілетін қызметтер шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;
7-баған ", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы