Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.29. N 1001 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884
қаулысына
мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтерде:
реттiк нөмiрi 1.1-жолдың 2-бағаны "негiзгi" деген сөзден кейiн "/қосарланған" деген сөзбен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 1.1.1-жолда:
1) тармақшаның 3-бағанындағы "440" деген сандар "440/345" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшаның 3-бағанындағы "248" деген сандар "248/208" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 1.1.2., 1.1.3., 1.2.1., 1.2.2., 1.2.3-жолдарда 3-бағандағы "674", "1093", "219", "541", "874" деген сандар тиiсiнше "674/535", "1093/874", "219/154", "541/426", "874/702" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 1.2-жолдың 2-бағаны "бiр" деген сөзден кейiн "негiзгi/қосарланған" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағанындағы "әрбiр толық және толық емес минуты" деген сөздер "әрбiр толық және толық емес 10 секунды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 2.1., 2.2., 2.3-жолдарда 3-бағандағы "9,0", "14,3", "24,2" деген сандар тиiсiнше "1,50", "2,38", "4,03" деген сандармен ауыстырылсын.