Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қаңтардағы N 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1001 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29. N 1369 (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29  N 1369  (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 28  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады