Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 2 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 1 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту туралы арыздары бойынша азаматтық істерді қарау кезінде заңнама мәселелерін соттардың біркелкі қолдануының қажеттілігіне байланысты Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Атқарушылық іс жүргізуден туындайтын істерді қарау кезінде осы мәселе бойынша заңнаманың Қазақтан Республикасының Конституциясына, Қазақтан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделетінін және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақтан Республикасының Заңынан (бұдан әрі - Заң), Қазақтан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығын назарда ұстау қажет.

      2. Заңның 31-бабына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін сот орындаушысы Заңмен белгіленген тәртіпте өндіріске қабылдаған атқару құжаты негіз болып табылады.

      Атқару құжаттарының тізбесі Заңның 9-бабында келтірілген. Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қарау кезінде сот атқарушылық іс қозғаудың негізділігін де тексеруге міндетті.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      3. Сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі әрекетіне немесе сондай әрекеттерді жасаудан бас тартуына байланысты борышкер немесе өндіріп алушы шағым жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 240-5-бабына сәйкес, шағым сот орындаушысы әрекет жасаған (әрекет жасаудан бас тартқан) күннен бастап он күннің ішінде немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған жағдайда осы аталған адамдарға ол жөнінде белгілі болған күннен бастап сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскенің аудандық сотына беріледі.

      Сот орындаушысының әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) өзге де адамдардың бұзылған құқықтары туралы арыздар АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімде қаралады.

      Егер шешімнің орындалуы үшінші жақтардың мүліктік мүдделеріне қатысты болса, онда мұндай адамдар бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өндіріп алушы мен борышкерге талап қойып, сотқа жүгіне алады. Сот мұндай істерді талап қою өндірісінде қарайды және сот орындаушысын өз алдына бөлек дербес талап қоймайтын үшінші жақ ретінде, егер талапкер оны үшінші жақ ретінде немесе қосымша жауапкер ретінде тануды сұрамаса, іске қатыстыруға міндетті.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. Жеке және заңды тұлғалар сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым берген кезде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақтан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 541-бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      Өздеріне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілген, мүлікке құқығы бар үшінші жақтар талап қойған жағдайда, Салық кодексінің 535-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік баж төленуге жатады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      5. Сот нақтылы атқару құжатын орындауға байланысты сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарау кезінде сот отырысының орны мен уақыты туралы сот орындаушысына хабар беруге міндетті.

      Сот орындаушысы болмаған (сот орындаушысы жұмыстан босатылған, еңбек демалысында болған, ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болған (10 күннен артық) немесе іссапарда жүрген) жағдайда сот отырысына осы аумақтық бөлімнен басқа сот орындаушысы жіберілуі мүмкін.

      Мемлекеттік сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша не сот шығындарын өндіру туралы талаптар қойылған кезде уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері (аумақтық органдар) жауапкерлер ретінде қатыстырылуы мүмкін. Атқарушылық іс жүргізудің қатысушылары және басқа да тұлғалар мемлекеттік сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде аумақтық органдарды жауапкерлер ретінде тартуға жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      6. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жасалған шағымдарды, атқару құжаттарының орындалу процесінде үшінші жақтың мүліктік мүдделерін қорғау туралы талаптарды қарай отырып соттар:

      - егер атқару құжатында өзгеше тәртіп белгіленбесе, атқару құжаттары бойынша өндіріп алу бірінші кезекте борышкердің ақшасына, оның ішінде банк мекемелерінде жатқан, үшінші жақтағы ақшасына аударылатынын;

      - борышты өтеу үшін борышкердің ақшасы болмаған жағдайда төлеттіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке аударылатынын назарда ұстауы қажет.

      Мүлікті өндіріп алу жөніндегі әрекеттер Заңның 40-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Сот орындаушысының өндіріп алуды борышкерге тиесілі басқа мүлікке (ақшадан басқа) аудару әрекетінің заңсыз екендігі туралы шағым жасалған кезде сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қандай әрекеттерді жүзеге асырғанын, осы әрекеттердің Заңның 62-63-баптарының талаптарына сәйкестігін, атап айтқанда мүліктің борышкерге тиесілі екендігін, оның нақтылы құнын және оған салынған шектеуді анықтаған-анықтамағанын сот тексеруге тиіс. Мүліктің борышкерге тиесілі екендігін анықтау кезінде сот орындаушысы мүлікті тізімдемеге енгізуге және өндіру көлеміне қарай барлық мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуға тиіс.

      Төлеттіріп алу жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке (мысалы, жұбайлардың меншігі, жекешелендірілген үйге ортақ меншік, жекешелендірілген шаруа (фермер) қожалығы меншігі) аударылған жағдайда сот орындаушысы немесе атқару ісіндегі тарап борышкердің жалпы ортақ меншіктегі үлесін анықтау туралы тиісті ұсыныспен немесе өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті. Сот мәселені қараудың нәтижелері бойынша ұйғарым шығарып, онда өндіріп алу борышкердің мүлігіне аударылатын болса, оның осы мүліктегі нақты үлесін белгілейді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      8. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздеріне және мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті өткізуді комиссиялық негіздерде сауда ұйымдары арқылы, сондай-ақ электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта жүргізеді.

      Өткізу нысанын сот орындаушысы мүлік түрін, өндіріп алушының және борышкердің пікірлерін ескере отырып айқындайды (Заңның 74-76 баптары).

      Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті атқарушылық өндіріс шеңберінде сауда ұйымдары арқылы комиссиялық негіздерде не сауда-саттықта сатпай өндіріп алушыға беру жөніндегі әрекетін заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, сот заңсыз деп тануға тиіс.

      Егер борышкердің мүлкі тізімдемеге енгізілмесе және оған тыйым салынбаса, онда мұндай мүлік өндіріп алушы мен борышкердің келісімі (бітімгершілік келісім) бойынша осы мүліктің бағалануына екеуара келіскен кезде және мүліктің құны өндіріліп алуға жататын сомадан аспаған жағдайда атқару құжаты бойынша орындау есебіне өндірушіге берілуі мүмкін.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      9. Борышкердің басқа мүлкі оған қойылған барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда сот орындаушысы:

      - кепіл ұстаушының кепілге қойылған мүліктің құнынан өз талабын артықшылықпен қанағаттандыру құқығын сақтай отырып, ипотекалық тұрғын үй займының міндеттемесін қамтамасыз ететін жылжымайтын мүлікті қоспағанда, оның үшінші жақта кепілде тұрған мүлкінен өндіріп алуға;

      - уәкілетті органды өндіріп алу туралы жазбаша хабардар ете отырып, уәкілетті органның шешімінің негізінде Салық кодексінің 613-бабының тәртібімен пайдалануға шектеу қойылған борышкердің мүлкіне аударуға құқылы.

      Өндіріп алу аударылған, кепілге қойылған және иелік етуіне шектеу белгіленген мүлікті сату жария сауда-саттық жасау жолымен жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      10. Сот орындаушыларының мүлікті заттай беруге байланысты іс-әрекеттеріне шағымдарды қарау кезінде өндірушіге мүлікті төмендегі жағдайларда заттай беруге болатындығын соттың ескергені жөн:

      - атқару құжатында көрсетілген белгілі бір заттардың өндіріп алушыға берілгені туралы шешілгенде;

      - алғашқы құны бойынша сауда-саттық өткізілмеді деп танылғанда;

      - бастапқы құнынан (бағалаудан) жиырма пайызға төмендетілген баға бойынша қайталама аукцион өткізілмеді деп танылғанда;

      - өндіріп алушы мен борышкердің арасындағы мүліктің заттай берілуін көздейтін бітімгершілік келісім бекітілгенде.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Мүліктің құны атқару құжатын орындау барысында айқындалған бағасына сәйкес келмеді деген уәж бойынша сот орындаушысының іс-әрекеттеріне шағым келтірілген жағдайда сот оның Заңның 68-бабының талаптарын сақтағандығын тексеруі тиіс.

      Сот "Қазақcтан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақтан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын тексереді, мүлікті бағалау кезінде анықталған мән-жайларды меншік құқығын тоқтату кезінде мүліктің нарықтық бағасы негізге алына отырып бағалануын көздейтін АК-нің 257-бабының ережелерін ескере отырып бағалайды.

      Мүліктің нарықтық құны деп бәсекелестік жағдайларда иеліктен шығарылуы мүмкін мүлік бойынша ықтимал сатып алушылар үшін осы мүлік туралы барлық қолжетімді мәліметтер ұсынылған кезде әлдеқайда ықтимал баға қойылуын түсінген жөн.

      Мұндай дауларды сот АІЖК-нің 240-5-бабында белгіленген қағидалар бойынша қарайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерісте енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      11-1. Сот бастапқы сату құнын анықтаған, кепілге қойылған мүліктен өндіріп алу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі болған жағдайда осы шешімді орындау барысында қайтадан бағалау талап етілмейді. Соттар мұндай шағымдарды (өтініштерді) АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қабылдаудан бас тартуға тиіс.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Заңның 124-бабында борышкерден атқарушылық санкцияны өндіру мүмкіндігі көзделген. Егер мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының он пайызы мөлшерiнде немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынса және борышкер осындай әрекеттерді жасаудан бас тартса, осылай өндіріп алуға болады.

      Атқару санкциясы атқару құжатын өз еркімен орындамаған борышкердің мүліктік жауапкершілігінің дербес түрі болып табылады.

      Толық мәжбүрлеп орындату деп атқару құжаты сот орындаушысының өндірісінде болған кезеңде атқару құжатының толық көлемде мәжбүрлеп орындалуы деп түсінген жөн. Осыны негізге ала отырып, сот орындаушысының Заңның 32-бабында аталған атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы әрекеті, сондай-ақ хатталған және тыйым салынған мүліктерді сату бойынша қабылданған шаралар, борышкердің еңбекақысы мен басқа да табыстарынан, басқа тұлғалардың қолындағы мүлкінен өндіріп алу мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ретінде бағалануға тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      13. Борышкерден атқарушылық санкцияны өндіру сот орындаушысының атқарушылық құжат болып табылатын (Заңның 9-бабы) қаулысы негізінде жүзеге асырылады, қаулы АІЖК-нің 240-5-бабында көзделген тәртіппен сотта шағымдалуы мүмкін.

      Мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу жөніндегі, ал жекеше сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жасаған кезде жұмсаған шығыстарын өндіріп алу және оның қызметіне ақы төлеу әрекеті негізгі өндіріп алу іске асырылған атқарушылық өндірісте жасалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13-1. Апелляциялық (кассациялық) шағымды қабылдаудан бас тарту АІЖК-ның 22-бабының талаптарына сай келмейді. АІЖК-нің 240-5-бабының тәртібімен шағымды қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шығарылған шешімдерге заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға және наразылық келтіруге болады.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      14. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      15. Қазақтан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақтан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақтан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О некоторых вопросах применения судами законодательства об исполнительном производстве

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 20 июня 2005 года N 2. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда Республики Казахстан от 31 марта 2017 года № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу нормативным постановлением Верховного суда РК от 31.03.2017 № 1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В связи с необходимостью единообразного применения судами вопросов законодательства при рассмотрении гражданских дел по заявлениям физических и юридических лиц об оспаривании действий судебного исполнителя, пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      постановляет:

      1. При рассмотрении дел, вытекающих из исполнительного производства, необходимо иметь в виду, что законодательство по этому вопросу основывается на Конституции Республики Казахстан, нормах международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, и состоит из Закона Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" (далее - Закон), и других нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. В соответствии со статьей 31 Закона основанием для применения мер принудительного исполнения является исполнительный документ, принятый судебным исполнителем к производству в порядке, установленном Законом.

      Перечень исполнительных документов приведен в статье 9 Закона. При рассмотрении жалобы на действия (бездействие) судебного исполнителя суд обязан проверить обоснованность возбуждения исполнительного производства.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      3. Действия судебного исполнителя по исполнению исполнительного документа или отказ в совершении таких действий могут быть обжалованы должником или взыскателем. В этих случаях согласно статье 240-5 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК) жалоба подается в районный суд обслуживаемого судебным исполнителем участка в течение десяти дней со дня совершения действия (отказа в совершении действия) судебным исполнителем или со дня, когда указанным лицам, не извещенным о времени и месте совершения действия, стало о нем известно.

      Заявления о нарушенных правах иных лиц действиями (бездействиями) судебного исполнителя рассматриваются в порядке и в сроки, предусмотренные главой 27 ГПК.

      Если исполнением решения затронуты имущественные интересы третьих лиц, то такие лица вправе обратиться в суд с иском к должнику и взыскателю о восстановлении нарушенного права. Суд рассматривает такие дела в исковом производстве и обязан привлечь судебного исполнителя к участию в деле в качестве третьего лица, не заявляющего самостоятельные требования, если истец не привлек его в качестве такового либо в качестве соответчика.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4. Юридические и физические лица при подаче жалоб на действия судебных исполнителей в соответствии с подпунктом 14) статьи 541 Кодекса Республики Казахстан о налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс), (далее - Налоговый кодекс) освобождаются от уплаты государственной пошлины.

      В случае предъявления иска третьими лицами о праве на имущество, в отношении которого произведены исполнительные действия, иски подлежат оплате государственной пошлиной в порядке, предусмотренном подпунктом 1) пункта 1 статьи 535 Налогового кодекса.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      5. При рассмотрении жалобы на действия (бездействие) судебного исполнителя, связанные с исполнением конкретного исполнительного документа, суд обязан известить судебного исполнителя о месте и времени судебного заседания.

      В случае отсутствия судебного исполнителя (увольнение, отпуск, длительная (свыше 10 дней) нетрудоспособность или командировка судебного исполнителя) в судебное заседание может быть направлен другой судебный исполнитель этого же территориального отдела.

      Территориальные подразделения уполномоченного органа в областях, городах Астане и Алматы (территориальные органы) могут выступать ответчиками по искам о возмещении вреда, убытков, причиненных в результате незаконных действий (бездействия) государственных судебных исполнителей, либо когда заявлены требования о взыскании судебных расходов. Привлечение территориальных органов в качестве ответчиков при обжаловании участниками исполнительного производства и другими лицами действий (бездействия) государственных судебных исполнителей не допускается.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      6. Рассматривая жалобы на действия (бездействие) судебных исполнителей, иски о защите имущественных интересов третьих лиц в процессе исполнения исполнительных документов, необходимо иметь в виду, что:

      - взыскание по исполнительным документам обращается в первую очередь на деньги должника, в том числе и находящиеся в банковских учреждениях, у третьих лиц, если иной порядок не определен в исполнительном документе;

      - при отсутствии у должника денег, достаточных для погашения задолженности, взыскание обращается на другое имущество должника.

      Действия по обращению взыскания на имущество осуществляются по правилам, предусмотренным в статье 40 Закона.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      7. При обжаловании действий судебного исполнителя о незаконности обращения взыскания на другое (кроме денег) имущество, принадлежащее должнику, суд проверяет, какие именно действия в рамках исполнительного производства выполнены судебным исполнителем, соответствуют ли эти действия требованиям статьями 62, 63 Закона, а именно, выяснена ли принадлежность имущества должнику, действительная его стоимость и лежащие на нем обременения. При установлении принадлежности имущества должнику судебный исполнитель должен включить его в опись и наложить в зависимости от размера взыскания на все или часть имущества, арест.

      В случае обращения взыскания по долгам должника на имущество, являющееся общей совместной собственностью (например, собственность супругов, общая собственность на приватизированное жилище, собственность крестьянского (фермерского) хозяйства) судебный исполнитель или сторона в исполнительном производстве обязаны обратиться в суд соответственно с ходатайством или с заявлением об определении доли должника в общей совместной собственности. По результатам рассмотрения суд выносит определение, в котором устанавливает долю должника в конкретном имуществе, на которое и обращается взыскание.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      8. Реализация арестованного имущества, кроме имущества, изъятого по закону из оборота, независимо от оснований ареста и видов имущества производится судебным исполнителем через торговые организации на комиссионных началах, а также на торгах в форме электронного аукциона.

      Форма реализации определяется судебным исполнителем с учетом вида имущества, мнений взыскателя и должника (статьи 74-76 Закона).

      Действия судебного исполнителя по передаче арестованного имущества взыскателю в рамках исполнительного производства, без продажи на комиссионных началах через торговые организации либо на торгах, суду следует признавать незаконными, за исключением случаев, предусмотренных законодательством.

      Если имущество должника не было подвергнуто описи и аресту, то такое имущество по соглашению взыскателя и должника (мировому соглашению) может быть передано взыскателю в счет исполнения по исполнительному документу при обоюдном согласии с оценкой данного имущества и при условии, что стоимость имущества не превышает суммы, подлежащей взысканию.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      9. При недостаточности другого имущества должника для полного удовлетворения всех предъявленных к нему требований судебный исполнитель вправе:

      - обратить взыскание на его имущество, находящееся в залоге у третьих лиц, за исключением недвижимости, являющейся обеспечением по обязательству ипотечного жилищного займа, с соблюдением права залогодержателя на преимущественное удовлетворение своего требования из стоимости заложенного имущества;

      - обратить взыскание на его имущество, ограниченное в распоряжении, на основании решения уполномоченного органа в порядке статьи 613 Налогового кодекса с письменным извещением об этом уполномоченного органа.

      Реализация заложенного и ограниченного в распоряжении имущества, на которое обращено взыскание, производится путем продажи с публичных торгов.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      10. При рассмотрении жалоб на действия судебных исполнителей, связанных с передачей имущества в натуре, суд должен иметь в виду, что имущество должника, на которое судебным исполнителем обращено взыскание, может быть передано в натуре взыскателю:

      - при присуждении взыскателю определенных предметов, указанных в исполнительном документе;

      - при признании торгов несостоявшимися – по стартовой стоимости;

      - в случае объявления повторного аукциона несостоявшимся – по цене, сниженной на двадцать процентов от первоначальной стоимости (оценки);

      - при утверждении судом мирового соглашения между взыскателем и должником, предусматривающего передачу имущества в натуре.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11. В случае обжалования действий судебного исполнителя по мотивам несоответствия стоимости имущества его оценке, произведенной в ходе исполнения исполнительного документа, суд должен проверить выполнение судебным исполнителем требований статьи 68 Закона.

      Суд проверяет соблюдение требований Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", при проведении оценки имущества, а установленные обстоятельства оценивает с учетом требований статьи 257 ГК, предусматривающей, что при прекращении права собственности имущество оценивается исходя из его рыночной цены.

      Под рыночной стоимостью имущества следует понимать наиболее вероятную цену, по которой имущество может быть отчуждено в условиях конкуренции, когда представлена об этом имуществе вся доступная информация для возможных покупателей.

      Такие споры рассматриваются судом по правилам, установленным статьей 240-5 ГПК.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      11-1. При наличии вступившего в законную силу решения суда об обращении взыскания на заложенное имущество, в котором суд определил его начальную продажную стоимость, проведение повторной оценки в рамках исполнения данного решения суда не требуется. Судам в приеме таких жалоб (заявлений) в соответствии с подпунктом 1) части 1 статьи 153 ГПК следует отказывать.

      Сноска. Нормативное постановление дополнено пунктом 11-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      12. Статьей 124 Закона предусмотрена возможность взыскания исполнительской санкции с должника. Такое взыскание возможно, если государственный судебный исполнитель после полного исполнения исполнительного документа предложил должнику добровольно оплатить исполнительскую санкцию в доход государства в размере десяти процентов от взысканной суммы или стоимости имущества или десяти месячных расчетных показателей с физических лиц и двадцати месячных расчетных показателей с юридических лиц по исполнительным документам неимущественного характера, и должник отказался от совершения этих действий.

      Исполнительская санкция является самостоятельным видом имущественной ответственности должника, не исполнившего добровольно исполнительный документ.

      Под полным принудительным исполнением следует понимать исполнение исполнительного документа в полном объеме в период нахождения его в производстве судебного исполнителя. Исходя из этого, действия судебного исполнителя о принятии мер к обеспечению исполнения исполнительного документа, указанные в статье 32 Закона, а также принятые меры по реализации описанного и арестованного имущества, обращению взыскания на заработную плату и другие доходы должника, на имущество, находящееся у других лиц, должны рассматриваться как меры принудительного исполнения.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      13. Взыскание исполнительской санкции с должника осуществляется на основании постановления судебного исполнителя, которое является исполнительным документом (статья 9 Закона) и может быть обжаловано в суд в порядке, предусмотренном статьей 240-5 ГПК.

      Действия государственного судебного исполнителя по взысканию исполнительской санкции, а частного судебного исполнителя по взысканию расходов, понесенных при совершении исполнительных действий и оплаты его деятельности, совершаются в исполнительном производстве, в котором происходило основное взыскание.

      Сноска. Пункт 13 в редакции нормативного постановления Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования); с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      13-1. Отказ в принятии апелляционной (кассационной) жалобы нарушает требования статьи 22 ГПК. Вынесенные в порядке статьи 240-5 ГПК решения об отказе, либо удовлетворении жалобы подлежат обжалованию и опротестованию в установленном законом порядке.

      Сноска. Нормативное постановление дополнено пунктом 13-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      14. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      15. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания