Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен Түрiк Республикасы Мемлекеттік статистика институты арасындағы Статистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгі мен
Түрiк Республикасы Мемлекеттiк статистика институты
арасындағы Статистика саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi - "Tараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен Түрік Республикасы Мемлекеттiк статистика институты, екi Тарап арасындағы Статистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрi тереңдету мақсатында, мыналар туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:
зерттеу әдiснамалары мен әдiстерi бойынша статистикалық жарияланымдар алмасу;
Тараптар мемлекеттерiндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен оны дамыту туралы статистикалық басылымдар мен жарияланымдар алмасу;
статистикалық деректер мен жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің құрылымы мен менеджментін қоса алғанда, деректер өңдеу саласында тәжірибе алмасу;
қазiргі заманғы ақпараттық қоғам талаптарына бейiмделуге ықпал ететiн жаңа статистикалық әдiстер туралы ақпарат алмасу;
Екi тараптар үшiн мүдделiлік туғызатын ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргiзудегi және жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық;
Техникалық ынтымақтастық желiсi бойынша халықаралық және ұлтаралық бағдарламаларға қатысу мәселелерiнде өзара iс-қимыл жасау.
2-бап
Тараптар қажетiне қарай жұмыс тәжiрибесiмен алмасады және осы Келiсiмдi орындау барысында туындаған мәселелердi талқылайды.
3-бап
Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
4-бап
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Тараптар алған ақпарат осы ақпаратты ұсынған Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi елдерге берiлмеуге тиiс.
5-бап
Осы Келiсiмдi түсiну және қолдану жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiп отырады.
6-бап
Осы Келiсiмде негiзделген ынтымақтастық жөнiндегi қызмет жұмыс бағдарламасының шегiнде жүзеге асырылады, оған белгiлi бiр тақырыптар бойынша ынтымақтастық саласын қамтиды. Бағдарлама бойынша қызметтi iске асыру үшiн, қажет болған жағдайда, Тараптар мен қаржыландырушы ұйым жаңа шартқа қол қояды.
7-бап
Бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру барысында жұмыс тiлi ағылшын тiлi болады, қажет болған жағдайда аудармашының қызметi көрсетiлетiн болады.
8-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және үш жыл мерзiмге жасалады.
Осы Келiсiмнiң iс-әрекеті тоқтатылуы осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар жүзеге асыра бастаған бағдарламалар мен жобаларға ықпал жасамайды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тілiндегі мәтiнге жүгінедi.
____________" "_______________________екi түпнұсқалық данада,
әрқайсысы қазақ, түрiк, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
__________________________ __________________________
Қазақстан Республикасы Түрiк Республикасы
Статистика агенттiгi үшiн Мемлекеттік статистика
институты үшiн