Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 674 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы
N 1369 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж.,
N 36-67, 478-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 25-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 мамырдағы N 674 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 ақпандағы N 217 қаулысы .
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі