Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 118 Қаулысы

      Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру, Қазақстанда автобус шығаруды ұйымдастыру және автобус паркiн жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 660000000 (алты жүз алпыс миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi ағымдағы жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының "КамАЗ" ашық акционерлiк қоғамымен (Набережные Челны қаласы, Ресей Федерациясы) бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағына сәйкес алынған қаражатқа қалалық үлгiдегi автобустарды жинауды және Көкшетау қаласында оларды жинау өндiрiсiн ұйымдастыруды, сондай-ақ оларды сатуды, оның ішінде лизингке сатуды жүзеге асыруын қамтамасыз етсiн.  <*>
       Ескерту: 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 682  Қаулысымен .

        3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 февраля 2005 года N 118

      В целях реализации Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы, организации автобусного производства и обновления автобусного парка в Казахстане Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год на неотложные затраты, 660000000 (шестьсот шестьдесят миллионов) тенге на увеличение уставного капитала открытого акционерного общества "Национальная компания "Казахстан инжиниринг".

      2. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан в срок до 1 августа текущего года обеспечить осуществление открытым акционерным обществом "Национальная компания "Казахстан инжиниринг" совместно с открытым акционерным обществом "КамАЗ" ( г. Набережные Челны, Российская Федерация) сборки автобусов городского типа и организации их сборочного производства в городе Кокшетау, а также их реализацию, в том числе в лизинг, на средства, полученные в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 1 июля 2005 г. N 682 .

      3. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан