Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 ақпандағы N 172 Қаулысы

      2005 жылғы жылыту маусымының күрделi ауа райы жағдайындағы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласын жылумен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiнiң тұрақты жұмысын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен көмiр сатып алуға 100000000 (бiр жүз миллион) теңге және Семей қаласының қазандықтары мен жылу жүйелерiнде авариялық қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiне орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы есеп берсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2005 года N 172

      В целях обеспечения безопасности населения, устойчивой работы объектов теплоснабжения и жилищно-коммунального хозяйства города Семипалатинска Восточно-Казахстанской области в сложных погодных условиях отопительного сезона 2005 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить акиму Восточно-Казахстанской области из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, 100000000 (сто миллионов) тенге на закуп угля и 200000000 (двести миллионов) тенге для проведения аварийно-
восстановительных работ на котельных и тепловых сетях города Семипалатинска.

      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      3. Акиму Восточно-Казахстанской области представить в Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан отчет об объемах и стоимости выполненных работ.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан