2005 жылғы жылыту маусымының күрделi ауа райы жағдайындағы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласын жылумен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiнiң тұрақты жұмысын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен көмiр сатып алуға 100000000 (бiр жүз миллион) теңге және Семей қаласының қазандықтары мен жылу жүйелерiнде авариялық қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiне орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі