Ресми iзгiлiк көмек көрсетудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 203 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жамбыл облысының әкiмiне Беслан қаласындағы (Ресей Федерациясы) қайғылы оқиға құрбандарына мемориал орнату үшін қордай тасын (гранитiн) сатып алуға және жеткiзуге ресми iзгiлiк көмек көрсету ретiнде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 12906400 (он екi миллион тоғыз жүз алты мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      2. Жамбыл облысының әкiмi осы қаулыға сәйкес бөлiнген қаражат есебiнен Ресей Федерациясының Солтүстiк Осетия - Алания Республикасына 340 текше метр қордай тасын (гранитiн) сатып алу және жөнелту жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.

      3. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "Қордай-Taу" жауапкершілігi шектеулi серiктестігi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қордай тасын (гранитiн) берушi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясы және Солтүстiк Осетия - Алания үкiметтерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ресми iзгiлiк көмек көрсетуi туралы хабардар етсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

О некоторых вопросах оказания официальной гуманитарной помощи

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2005 года N 203

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить акиму Жамбылской области из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год, в качестве оказания официальной гуманитарной помощи средства в сумме 12906400 (двенадцать миллионов девятьсот шесть тысяч четыреста) тенге на закупку и поставку кордайского камня (гранита) для строительства мемориала жертвам трагедии в городе Беслане (Российская Федерация).

      2. Акиму Жамбылской области организовать работу по закупке и отправке в Республику Северная Осетия - Алания Российской Федерации 340 кубических метров кордайского камня (гранита) за счет средств, выделенных согласно настоящему постановлению.

      3. В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" определить товарищество с ограниченной ответственностью "Кордай - Тау" поставщиком кордайского камня (гранита), закупка которого имеет важное стратегическое значение.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Министерству иностранных дел Республики Казахстан информировать по дипломатическим каналам правительства Российской Федерации и Северной Осетии - Алании об оказании Правительством Республики Казахстан официальной гуманитарной помощи.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан