Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Помологиялық бақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі