Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы N 243 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрi - Заң)  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Елорда" баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) мамандандырылған басылымын және оны түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-әдiстемелiк материалдарды шығару жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Жолдаудың мамандандырылған басылымын және оны түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-әдiстемелiк материалдарды шығару жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 35150000 (отыз бес миллион бiр жүз елу мың) теңге бөлiнсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ Заңның 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О государственных закупках, имеющих важное стратегическое значение, и выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2005 года N 243

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" (далее - Закон) и постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2004 года N 1405 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов"
Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить поставщиком услуг по выпуску специализированного издания "Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 18 февраля 2005 года "Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации" (далее - Послание) и информационно-методических материалов по его разъяснению, закупка которых имеет важное стратегическое значение, республиканское государственное предприятие«"Издательство "Елорда".

      2. Выделить Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2005 год на неотложные затраты, 35150000 (тридцать пять миллионов сто пятьдесят тысяч) тенге для оплаты услуг по выпуску специализированного издания Послания и информационно-методических материалов по его разъяснению.

      3. Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      заключение договора о государственных закупках услуг с юридическим лицом, указанным в пункте 1 настоящего постановления;
      соблюдение принципа оптимального и эффективного расходования денег, используемых в соответствии с настоящим постановлением для государственных закупок услуг, а также выполнение пунктов 3, 4 статьи 21 Закона;
      принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан