Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттама жасасуға өкiлеттік берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше
мемлекеттердiң салық және кеден органдары
арасында трансферттік баға белгiлеудi бақылау
жөнiнде ақпарат алмасу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
2002 жылғы 25 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасу туралы келiсiмнiң 5-бабына сәйкес,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастығын құру туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) әкелу мен әкетудi, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ-қа) мүше мемлекеттердiң мемлекеттiк бюджеттерiне салықтардың, баждардың және өзге де төлемдердiң уақтылы және толық түсуiн бақылауды күшейтудегі өзара мүдделіліктi негізге ала отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағында трансферттік бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қажеттілiгін мойындай отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектілерiмен жасалатын халықаралық мәмілелер бойынша, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасудың транзиттiк дәлiзi ретiнде пайдаланылатын мәмілелер бойынша салықтық және кедендiк бақылауды жетілдiру қажеттілігін ұғына отырып,
осы мақсатпен бiр-бiрiне жәрдем етудi қалай отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
"нарықтық (еркiн) баға" - тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) нарықтық (еркiн) бағасы деп салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда ұлттық рыноктағы бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) сұраныс пен ұсыныстың өзара iс-қимылы кезiнде қалыптасқан бағасы танылады;
"бірдей тауарлар" - өздеріне тән негiзгi белгілерi, соның ішінде физикалық сипаттамалары, сапасы мен рыноктағы өтімi, шығарылған елі, өндiрушiсi сияқты бiрдей белгілерi баp тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың бiрдейлілігін анықтаған кезде олардың сыртқы түрiндегi елеусiз айырмашылықтарды ескермеуге болады;
"бiртектi тауарлар" - бiрдей болмаса да, бiр-бірiне ұқсас сипаттамалары бар және оларға дәл сондай функцияларды атқаруға және бiрін-бiрi коммерциялық алмастыруға мүмкiндiк беретін ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бiртектілігін анықтау кезiнде, атап айтқанда, олардың сапасы, тауар таңбасының болуы, рыноктағы өтімi, шығарылған елi ескеріледi;
"трансферттік баға" - тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) халықаралық мәмілелер жасасу кезiнде объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағасынан өзгеше баға;
"құзыреттi органдар" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары;
"трансферттiк баға белгілеудi бақылау" - ұлттық заңнамаға сәйкес салық базасын одан әрi түзету мақсатында халықаралық мәмілелер кезінде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) трансферттiк бағаларды қолдану фактiсiн анықтау үшiн құзыретті органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.
2-бап
1. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң кеден органдары өзiнiң құзыреті шегінде:
мемлекеттің аумағына әкелiнетін және оларды осы аумақтан әкету туралы мiндеттемесінсiз осы аумақта тұрақты қалатын;
оларды осы аумаққа әкелу мiндеттемесiнсiз мемлекет аумағынан тысқары жерлерге әкетілетiн;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтары бойынша транзитпен тасымалданатын;
қайта өңдеу үшін мемлекеттің аумағына әкелiнетiн және осы аумақтан тысқары жерлерге әкетілетін тауарлар бойынша қажеттi ақпаратты өз мемлекеттерінің салық органдарына бередi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпарат осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес беріледi.
3-бап
1. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық органдары өз құзыретінің шегiнде трансферттiк баға белгiлеудi бақылау мақсатында:
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарындағы тұтынушыларға дейiн тауарларды жеткiзуге байланысты шығыстар (көлiк шығыстары, сақтандыру, экспортқа шығарар алдында кредит беру және т.б.);
тиелген тауарларды жеткiзу мерзiмдерi мен шарттары;
тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін ақы төлеу мерзiмдерi мен шарттары;
жеткізілетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы;
қайта өңдеу өнiмдерiне баға белгілеу;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң рыноктарында тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қалыптасқан нарықтық бағалар;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында тауарларды тасымалдау, сақтау және қайта өңдеу тарифтерi;
трансферттiк баға белгiлеудi бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да мәлiмет жөнiнде ақпарат алмасады.
2. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жөнiндегі ақпараттың құрамын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің сұрау салушы салық органы айқындайды.
3. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдары арасында ақпарат алмасу белгiленген тәртiппен куәландырылған жазбаша (қағаз тасығышта) немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.
4. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты өз мемлекеттерінің кеден органдарына олардың сұрау салулары бойынша бередi.
4-бап
Осы Хаттаманың 2-бабы мен 3-бабында көрсетiлген ақпарат ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң салық органы сұрау салуды алған күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешіктiрмей беріледi.
5-бап
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң құзыретті органдары алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес оны қорғау режимiн қамтамасыз етедi.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң құзыретті органдары ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруге жол бермейдi.
6-бап
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келiсуi бойынша Тараптар қосымша хаттамалармен ресiмдейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкін.
7-бап
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасында келiссөздер мен консультациялар жолымен шешіледi.
8-бап
Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетi осы Хаттаманың депозитарийi болып табылады.
9-бап
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетішiлік рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi кешірек орындаған Тараптар үшiн осы Хаттама тиiсті жазбаша хабарлама депозитарийге тапсырылған күнінен бастап күшiне енедi.
Әрбiр Тарап осы Хаттамадан шығу көзделген күнiне дейiн кемiнде 6 ай бұрын осы туралы депозитарийге жазбаша хабарламаны жiберіп шыға aлады.
2005 жылғы "___" ______ _______ қаласында орыс тiлiнде бiр данада жасалды.
Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетінде сақталады.
Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн
Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің
салық және кеден органдары
арасында трансферттiк баға
белгілеудi бақылау жөнінде
ақпарат алмасу туралы хаттамаға
қосымша
Ақпаратты берудің үлгі нысаны
N |
Тауар |
Кеден |
Кеден |
ЖКД |
Тауар- |
ЖКД-дан |
Келі- |
Келі- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Келi- |
Келi- |
Шот- |
Шот- |
Жiбе- |
Жiбе- |
Жібе- |
Жібе- |
Жібе- |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Қар- |
Қар- |
Қаржы- |
Ба- |
Бара- |
Алушы |
Алушы- |
Алушы- |
Жеткі- |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
Жiбе- |
Жiберу |
Қосымша |
Қо- |
Тау- |
Таза |
Тауар- |
Келі- |
Келі- |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
Валю- |
Ста- |
37 |
38 |